Басқарма төрағасының медициналық қызмет жөніндегі орынбасары.
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты хирург дәрігер.
Ресей, Түркия, АҚШ және Оңтүстік Кореяда біліктілікті арттырудан өтті.
Еңбек өтілі: 22 жыл.
Марапат иегері:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары;
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Құрмет грамотасы»;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі»;
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.
Жеке үлес:
2010 жылдан бастап хирургия бөлімінің басшысы бола отырып, Орталықта хирургия бөлімін (департаментін) ұйымдастыруға және одан әрі дамытуға белсене қатысты. Оның тікелей қатысуымен Орталықта жаңа бағыттар – трансплантология және онкохирургия ұйымдастырылды. Ол хирургиялық және онкологиялық бейіндегі күрделі науқастарға кеңес беруге және емдеуге белсенді қатысады, хирургиядағы оперативтік араласулардың барлық түрлерін біледі және бауырдың туыстық және мәйіттік трансплантациясын ауыстыру бойынша операцияларға трансплантациялық бригаданың құрамына қатысады.