Бүркітбаев Жандос Қонысұлы
Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі.
Бүркітбаев Жандос Қонысұлы - медицина ғылымдарының докторы.
Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша; Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясын «Фармация» мамандығы бойынша және «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жандос Қонысұлы еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы қалалық шұғыл медициналық көмек клиникалық ауруханасының дәрігері болып бастады. Содан кейін Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығында дәрігер болып жұмыс істеді. 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарып, бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін лауазымдарды атқарды. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2008 ж. Астана қ. «Қан орталығы» ШЖҚ МКҚК директоры болып тағайындалды, 2011 – 2019 ж. ж. «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК директоры, 2019-2021 Ж. Ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы.
Отандық және халықаралық басылымдарда 177 ғылыми жарияланымның, РФ ВАК басылымдарында 31 ғылыми жұмыстың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Марапаттары:
2001 жыл – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хаты;
2003 жыл – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған;
2012 жыл – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған;
2014 жыл – белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін Мемлекет басшысының шешімімен «Шапағат» медалімен марапатталды;
2016 жыл – Мемлекет басшысының шешімімен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды.
Петухова Надежда Михайловна
Соңғы лауазымы: Еуразиялық медицина қауымдастығының Вице-президенті.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Целиноград мемлекеттік медицина институты (1977);
- Емдеуші дәрігер;
- Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың әлеуметтік гигиена бойынша жоғары санатты дәрігер.
Еңбек өтілі:
- 2017ж. — Еуразиялық медицина қауымдастығының вице-президенті;
- 1988-2012ж.ж. — Астана қаласының № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері;
- 1981-1988ж.ж. — Целиноград облыстық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігер-инспекторы, емдеу-алдын алу секторының бастығы, меңгерушінің орынбасары;
- 1977-1981ж.ж.— дәрігер-интерн, Целиноград қалалық балалар ауруханасының учаскелік педиатр дәрігері.
Басқа лауазымдары:
- Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (01.2013);
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы (04.2017 ж. бастап);
- Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы жоғары алқалық кеңес мүшесі (НЦНЭ).
Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
- 18.01.2012-20.01.2016жж. — V шақырудың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі;
- 07.12.2011ж. — «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша V шақырудың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат;
- 1999-2012ж.ж. — Астана қаласы мәслихатының депутаты;
- Астана қаласы мәслихатының екінші (1999-2003) және үшінші (2003-2007) шақырылымдарының депутаты, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, Астана қаласы әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- «Құрмет» ордені;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі;
- «Белсенді қызметі үшін» «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төсбелгісі;
- «Алтын дәрігер» белгісі.
Медальдары:
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»;
- «Астананың 10 жылдығы»;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»;
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»;
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл».
Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы
ҚР ДСМ ММЖК мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы.
Білімі:
- 2018ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: практикалық аспектілер (№F01265 сертификат);
- 1995-2014жж. — «Қаржы академиясы» АҚ, МСФООС-ке сәйкес есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік (№129704 сертификат);
- 2006ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, ҚР-дағы Мемлекеттік менеджмент (№0359 куәлік);
- 20004ж. — ҚР ҚМ басқару институты, Қаржы саласындағы ақпараттық технологиялар (серия К-1 № 015 сертификат);
- 2000ж. — Сәкен Сейфуллин атындағы Аграрлық университеті (Астана, ҚР).
Еңбек өтілі:
- 06.2008ж.- осы уақытқа дейін — Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;
- 10.2005-06.2008жж. — Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың ұлттық компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы;
- 12.2004-10.2005жж. — ұлттық компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының м. а.;
- 01.2003-12.2004жж. — ұлттық компаниялар бөлімінің бас маманы;
- 03.2001-01.2003жж. — ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші маманы;
- 12.2000-03.2001жж. — ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші маманының м. а.
Марапаттары:
- ҚР Қаржы Министрлігінің құрмет грамотасы (20.11.2015 ж. № 575-л/с бұйрығы);
- «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (29.11.2016 ж. № 04947).
Секретарь наблюдательного совета - Кусаинова Бакытжан Нуркельдиевна.