Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

WhatsApp Image 2023 03 15 at 13.36.08 1

Құрметті отандастар!

Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Сіздерді Астана қаласының емханаларына келуге шақырамыз:
🔹 № 4 ҚЕ (тел.: 8 7172 -57-28-65 немесе 14-30, колл орталығы);
🔹 №5 ҚЕ (тел.: 8 7172 - 57-63-20);
🔹 №7 ҚЕ (тел.: 8 7172 - 91–83-46, 8 7172 -91-83-21);
🔹№9 ҚЕ (тел.: +77084250398);
🔹 №10 ҚЕ (тел.: +77780037040).

Вирустық гепатиттер мен олардың асқынуларын диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға қатысуға кеңес береміз.

1. Бұл жоба кімге арналған?

Бұл жоба 18 жастан асқан адамдарға қол жетімді.

2. Пациенттер үшін қандай артықшылықтар бар?

Науқастың қанындағы В және С вирустық гепатиттерін анықтауға негізделген ТЕГІН жедел тестілеу;

В немесе С вирустық гепатитін ЕРТЕ АНЫҚТАУ, вирусқа қарсы терапияны уақытылы бастау.

Вирустық гепатиттер көбінесе ЦИРРОЗ БЕН БАУЫР ІСІГІНІҢ пайда болуына дейін жасырын, шағымсыз жүреді.

Сондықтан пациент үшін де, басқалар үшін де ерте анықтау маңызды, өйткені мұндай науқастар жақындары мен айналасындағылар үшін инфекция көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасында В немесе С вирустық гепатиті диагнозы қойылған пациенттер үшін емдеу тегін.

 

ӨМІР КЕРЕМЕТ, БІР СӘТТІ ДЕ ӨТКІЗІП АЛМАҢЫЗ!