Жыл сайын 1-30 қыркүйек аралығында⚡ Қазақстанда акция өткізіледі, оның аясында онкогематолог дәрігерлер қазақстандықтарды өз денсаулығына назар аударуға, уақтылы тексерулерден өтуге, қан қатерлі ісігімен ауыратын ересектерге қолдау көрсетуге шақырады.
"Қызыл қыркүйек" -бұл дәрігерлердің ерте араласуымен, тіпті осындай ауыр диагнозбен де өлімге жол бермеуге болатындығын еске салатын акция.
Медициналық сақтандыру қоры осы дәстүрге қосылып , Ұлттық ғылыми онкологиял орталығының дәрігерлеріне лейкемия белгілері, сүйек кемігін диагностикалау және трансплантациялау туралы айту үшін өз алаңын ұсынады.
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: "ҚАН ҚАТЕРЛІ ІСІГІ: БОЛЖАУҒА ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУҒА БОЛА МА?"дүйсенбі күні өтеді ⚡5 қыркүйек ⚡11.00 біздің бетте⚡
Біздің спикерлер:
Вильданова Рузаль Фауатовна, күндізгі стационары бар №1 онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі, ҰҒОО гематолог дәрігері.
Қарабеков Азат Бағланұлы, ҰҒОО № 1 онкогематология бөлімшесінің лимфопролиферативтік ауруларды емдеуге арналған секторының аға ординаторы.
Қосылыңыз!
Мүмкін, бұл ақпарат Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтайды.