Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

WhatsApp Image 2023 01 26 at 14.54.04

Ұлттық ғылыми онкология орталығы Астана қаласында 10 000 адамды қамти отырып, В және С вирустық гепатиттерін жою жөніндегі пилоттық бағдарламаны ұйымдастыру және іске асыру мақсатында ауруларды талдау орталығының (CDAF) қорымен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен талқыланған бұл жобаға , оған ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің (ДОМП, ДСО), «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС өкілдері, сондай-ақ ауруларды талдау орталығы (CDAF) Қорының басқарушы директоры Хоми Разави және Өзбекстан Республикасының CDAF өкілі Садирова Шахло қатысты.


Вячеслав Дудник өзінің құттықтау сөзінде бұл жобаны Қазақстанда іске асырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бүгінгі таңда вирустық гепатиттермен сырқаттану проблемасы біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өткір тұр. Вирустық гепатит бауырдың ауыр ауруын және гепатоцеллюлярлық карциноманы тудырады.

«2016 жылы ДДСҰ В және С вирустық гепатиттерін жою бойынша өршіл  мақсат қойды және ДДСҰ-ның 2030 жылға қарай С вирустық гепатитін жою жөніндегі жаһандық бағдарламасы басталды. Қазақстан осы бағдарламаны Орталық Азия мен ТМД кеңістігінде орындауда танылған көшбасшы болып табылады. Біз вирустық гепатитті жаңа тікелей вирусқа қарсы препараттармен емдеуде үлкен тәжірибеміз бар. Соңғы бес жылда бұл аурудан 30 мыңнан астам пациент емделді, бұл қажетті заманауи және қол жетімді нұсқалардың арқасында», - деді вице-министр. Сондай-ақ, ол вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша барлық ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде СӨС аспектілері бірлесіп пысықталатынына және пилоттық жоба қысқа мерзімде басталатынына сендірді.

Осы жобаны іске асырудың арқасында С вирустық гепатитін уақтылы анықтау, емдеу және оның асқынуларының алдын алу үшін халықты жалпыға бірдей скринингтеу мәселесі пысықталатын болады, бұл цирроз мен бауыр обырынан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді.

Пилоттау нәтижелері бойынша оны ұлттық деңгейге экстраполяциялау алгоритмі, сондай-ақ қаржыландыру тетігі мен көзі әзірленетін болады.