ҰҒОО Басқарма Төрағасының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты уролог-дәрігер Санжар Шалекенов орталықтың кадрлық ресурсы, жаңа корпустың ашылуы және скринингтен өтудің маңыздылығы туралы:
«13 жыл ішінде орталықта мықты кадр діңгегін қалыптастыра алды. Осы уақыт ішінде біздің дәрігерлік персоналдың құрамында өзгерістер өте сирек болды деп айтсақ та болады. Сондай-ақ, Орталық көпсалалы екендігін атап өткім келеді, яғни мұнда дәрігерлер онкологиялық ауруларды ғана емес, басқа да ауруларды емдеумен айналысады.
Орталықтың кадрлық әлеуеті әлі де өте ауқымды. Биыл денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен түрлі тағылымдамаларға 97 маман жібере алдық. Олар Израиль, Нидерланды, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия және басқа елдердің клиникаларында оқыды. Осылайша, осы дәрігерлер мен мейіргерлердің арқасында орталықтың жұмысына жаңа әдістер мен технологиялар енгізіледі.
Орталықтың жаңа корпусының ашылуы жалпы республикалық ауқымдағы оқиғаға айналады, өйткені Астана мен Солтүстік Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Орталық, Батыс және шығыс өңірлердің тұрғындарының сәулелік терапияға деген қажеттілігін жабу мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, ҰҒОО медициналық туризм орталығы болады.
Біздің орталық скринингтен өтудің маңыздылығын азаматтарға жеткізуге барынша тырысады. Біз, дәрігерлер, әдетте, аурудың салдарымен айналысамыз, негізінде, оның себебін анықтап, жоюмен айналысуымыз қажет. Онкологиялық ауру ешқашан жайдан жай пайда болмайды. Адамдар дер кезінде скринингтен өткенде, бізде ауруды толық емдеуге болатын кезеңде «ұстау» мүмкіндігі бар».
Сілтемелер арқылы біз туралы көбірек оқыңыз:
https://www.nur.kz/health/healthcare/2003638-sanzhar-shalekenov-sredniy-vozrast-vrachey-nnots-40-let/