Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Сүт безінің қатерлі ісігі (СБҚІ) әйелдердегі қатерлі ісік құрылымында 1-ші орында, яғни бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді.

Сүт безі обырының алдын алуға және ерте анықтауға арналған Ашық есік күні Ұлттық ғылыми онкология орталығының Консультативтік-диагностикалық орталығында (емханада) өтеді.

2023 жылғы 21 қазан күні сағат 9: 00 - ден 13: 00-ге дейін.

Бұл іс-шара 1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялаған Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айы аясында өткізіледі. Сонымен қатар, жыл сайын 15 қазанда әлемнің 44 елінде дүниежүзілік аурумен күресу күні өтеді.

Бұл күнді өткізудің мақсаты - сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу, ерте анықтау және емдеу тәсілдері туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

Консультацияға жазылу үшін Call-орталықтың +7 7172 702 911, 702-900 нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Консультация алдын ала жазылу бойынша өтеді.

Қабылдауды жоғары білікті онкомаммологтар жүргізеді.

Учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді, өзімен бірге жеке куәлік пен медициналық құжаттар (зертханалық зерттеулердің бұрын алынған нәтижелері, аспаптық/сәулелік диагностиканың қорытындысы, үзінді көшірмелер және т.б.) болғаны жөн.

Мекен - жайымыз:
Астана қ., Керей және Жәнібек хандар к-сі, 3 (Емхана жағынан кіресіз).