Жуырда ҰҒОО медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.А.Адылхановтың жетекшілік етуімен, м.ғ.м.Е.О.Қосымбаева, А.М.Рахманкулова біріккен авторлығымен жарыққа "Сүт безі обыры бар науқастарды оңалту технологиясы" оқу әдістемелік нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде шықты.
Кітапта ұсынылған материалдар өзіміздің ғылыми зерттеулеріміздің нәтижелеріне, біз әзірлеген және енгізген жаңа медициналық технологиялар тәжірибесіне негізделген.
Бұл оқу құралы бакалавриат студенттеріне, интерндерге, резидент-дәрігерлерге, докторанттарға, сондай-ақ маммологтар, онкологтар, хирургтар, терапевтер, невропатологтар, реабилитологтар, психотерапевтер және медициналық психологтарға арналған.