Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Снимок экрана 628

СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫ - бұл сүт безінің безді тінінің қатерлі ісігі. Əлемде бұл əйелдер арасында қатерлі ісік ауруының ең көп таралған түрі, 13 пен 90 жас аралығындағы 100 000 əйелге шаққанда 99,4 құрайды.
Қазақстанда жыл сайын сүт безі обырымен сырқаттанудың 5000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады. Соңғы 15 жыл ішінде бұл онкопатология үнемі анықталуда. Қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткіші бойынша 3-ші орын алады жəне жыл сайын 1200-ге жуық əйелдің өмірін қиып өтеді.

ҮРЕЙЛІ БЕЛГІЛЕР:
•Емізіктің тартылуы;
•Емізіктен ағынды шығу;
•Сүт безіндегі немесе емізік аймағындағы ауырсыну;
•Сүт безі аймағында терінің инфильтрациясы (апельсин қабығына ұқсас тері);
•Қолтық аймағында тығыз түйіндердің пайда болуы;
•Сүт безі аймағында терінің жаралануы;
•Бүкіл сүт безінің немесе оның бөлігінің ісінуі (түйіршік айқын сезілмесе де);
•Түсініксіз салмақ жоғалту;
•Әлсіздік;
•Емізік немесе сүт безі терісінің қызаруы, қабыршақтануы немесе қалыңдауы
•Қатты түйін болуы, сүт бездерінің асимметриясы.

ДƏРІГЕР ҰСЫНЫСЫ:
•Дұрыс тамақтану. Диетадан қуырылған жəне тез тамақтануды алып тастау;
•Кеуде аймағындағы қан айналымын бұзбау жəне сүт бездеріне зақым келтірмеу үшін емшекқапты пішіні жəне өлшемі бойынша дұрыс таңдау;
•Салмақты қадағалау жəне спортпен шұғылдану. Артық салмақ əйелдің денесіндегі гормоналды тепе-теңдікті бұзады жəне аурудың пайда болу қаупін арттырады;
•Жаман əдеттерден бас тарту. Алкогольді тұтынбау немесе тұтынуды минимумға дейін азайту, өйткені бұл сүт безі қатерлі ісігінің дамуына себеп болатын əйел жыныстық гормондарының көбеюіне ықпал етеді;
•Баланы емізу. Бұл табиғи процесс сүт безі патологиясының, оның ішінде сүт безі обырының даму ықтималдығын азайтады;
•Егер Сіздің жақын туыстарыңызда сүт безі обыры болса, тұқым қуалайтын факторларды есте сақтау жəне уақтылы маммологқа жүгіну;
•20-40 жаста қарау кабинетінде жылына 1 рет қаралу;
•40 жастан кейін сүт бездерін жылына 1 рет ультрадыбыстық зерттеу;
•40 жастан кейін сүт бездерін рентгендік профилактикалық тексеру ҰСН (маммография) өту, 2 жылда 1 рет.