Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Снимок экрана 532

Сүйек, буын жəне жұмсақ тіндердің ісіктері – қаңқа тіндерінен пайда болатын жəне дамитын онкологиялық аурулар тобы. Сүйек, шеміршек, сондай-ақ талшықты тіндердің ісіктері анықталады.

 

Онкологиялық ауруларды емдеудің тиімділігі көптеген факторларға байланысты. Қатерлі ісік терапиясында диагностиканың уақытылығы маңызды рөл атқарады - қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу оңай жəне ауыртпалықсыз болады.

- Сіз Ұлттық ғылыми онкология орталығының Ортопедия жəне остеонкология орталығында (ООО) тірек-қимыл аппараты жəне тамыр аурулары кезінде диагностикадан өтіп, тез əрі сапалы көмек ала аласыз.

- ҰҒОО Ортопедия жəне остеонкология орталығы тірек[1]қимыл жүйесі аурулары мен зақымдану салдары бар пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге маманданған, кез келген күрделілік дəрежесіндегі ортопедиялық түзетулерді, сондай-ақ тамыр ауруларын емдеуді жүргізеді. Ірі буын аурулары (ісік зақымдануы) бар науқастарға көмек көрсету басым бағыт болып табылады.

- Орталықта əртүрлі патологиялар кезінде ұршықбуынды, тізе, балтыр, иық буындарын бастапқы эндопротездеу жəне қайта эндопротездеу операциялары жүргізіледі.

- Ортопедия, остеоонкология жəне тамыр хирургиясы орталығы - Қазақстан мен Орта Азиядағы гемофилия операциялары жүргізілетін бірегей орталық. Орталық қызметкерлері АҚШ, Израиль, Германия, Польша, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресейде тағылымдамадан өтті.

- Біз Сізді жəне Сіздің жақындарыңызды қабылдауға жəне тыңдауға, мамандығымыздың мəселелері бойынша кеңес беруге жəне шешуге дайынбыз. Біздің клиникада Сіз мейірімді жəне ілтипатты қарым-қатынасқа тап боласыз. Бізде сауатты, əдепті жəне сыпайы қызметкерлер жұмыс істейді.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ., Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3.

 Алдын ала жазылу Call-Center арқылы: +7(7172) 702-911, 702-900, WhatsApp: +7 708 425 0711.