ҰҒОО-да Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған орталық қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ҰҒОО-ның басқарма төрағасы Ж.Бүркітбаев құттықтау сөз сөйлеп, марапатталғандардың жоғары кәсібилігін, көп жылғы еңбегін және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғанын атап өтті.
ҰҒОО-ның басшысы жоғары мемлекеттік наградаларымен марапатталған өз кәсібінің үздіг дәрігерлерге ерекше ризашылығын білдірді: «Парасат» орденімен марапатталған проф. Т.Сұлтаналиевке, «Құрмет» орденімен марапатталған проф. К. Қалиасқароваға, тәуелсіз Қазақстан тарихында Мемлекет Басшысымен тұңғыш рет ұйымдастырылған «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» дәрежемен марапатталған «Онкогематологиялық реанимациясы бар онкогематология және СКТ» орталығының басшысына В.Кемайкинге.
Салтанатты шарада медицина ғылымдарының докторы Б.Шалабаев денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен радиологиялық диагностика бөлімінің меңгерушісі М.Жақыпов, №1 онкогематология бөлімінің меңгерушісі Р.Вильданова, трансплантолог-хирург С.Абдугафаров марапатталды.
«Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен химиотерапевт Д.Ковальчук, ғылым бөлімінің меңгерушісі Д.Жарлығанова, көпсалалы терапевтік орталықтың мейірбикесі Б.Батырханова, онкогематологиялық реанимация бөлімінің мейірбикесі А.Жантілеуова марапатталды.
Орталықтың бірқатар дәрігерлері мен қызметкерлері Денсаулық сақтау министрінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Мұндай марапаттар бар өмірін азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтауға арнаған және еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқан үздік дәрігерлерді, мамандарды және қызметкерлерді ғана марапаттайды және олардың еңбегі жоғары деңгейде бағаланғанын растайды.