Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

 

10 наурыз күні «C3 Medical» компаниясы мен Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы арасында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында кездесу болып өтті.

Француз делегациясының құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы кеңесші Александра Тиркюир-Менс, «C3 Medical» компаниясының президенті Жером Суастье және «C3 Medical» компаниясының Қазақстандағы өңірлік өкілі Лея Кислинг қатысты.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың келесі бағыттары талқыланды:
- француз онкология орталықтары мен ҰҒОО арасындағы ынтымақтастық;
- онкологиялық қызметте мейіргерлер үшін оқыту курсын өткізуді талқылау;
- протонотерапия, ядролық медицина, паллиативтік көмек және онкологиядағы басқа да өзекті бағыттар бойынша жобаларда ҰҒОО сүйемелдеу.

Тараптар клиникалық қызмет, білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын.

WhatsApp Image 2023 03 31 at 14.13.07