Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2022 жылғы 2-3 қыркүйек аралығында Алматы қаласында А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының ұйымдастыруымен гибридтік режимде халықаралық «Хирургия және трансплантологияның өзекті мәселелері» атты Қазақстан хирургтерінің ІІІ Съезі өтті.

 

Аталмыш шараға Жапония, Үндістан, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстанның ғылыми орталықтарынан және жоғары медицина оқу орындарының өкілдері, спикерлер мен дәріскерлер қатысты.

Съезд жұмысының алғашқы күні пленарлық отырыс өтіп, «Гепатопанкреатобилиарлық хирургия» секциясы бойынша ҰҒОО-ң Гепатопанкреато билиарлық хирургия, онкогепатология және ағза трансплантациясы орталығының меңгерушісі Жанат Сейітбатталұлы Спатаевтың «ҮДЕ ісіктерінің ерте кезеңдеріндегі трансдуоденальды резекция» және аталмыш орталықтың дәрігер- гепатобилиарлық хирургы Шоқан Әбілдәұлы Айтбаевтың «Периампулярлық аймақтың қатерлі және қатерсіз аурулары кезіндегі гастропанкреатодуоденальды резекцияның нәтижелері» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Баяндамада науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру, хирургтердің күнделікті жұмысындағы көптеген өзекті мәселелер, гепатопанкреатобилиарлық аймақты емдеудің инновациялық технологиялары мен заманауи әдістері, сондай-ақ трансплантологиялық күрделі сұрақтар бойынша кең ауқымды тақырыптар қарастырылды.

3 қыркүйек күні «Трансплантологияның өзекті мәселелері» секциясы жұмысы барысында Гепатопанкреато билиарлық хирургия, онкогепатология және ағза трансплантациясы орталығының дәрігер- трансплантологы Жәмилә Жұмабекқызы Сапарбай «Бүйрек трансплантациясы кезіндегі HLA десенсибилизация» және Ағза трансплантациясы секторының аға ординаторы Мэлс Нұрсейітұлы Асықбаевтың «Бүйрек трансплантациясы нәтижелеріндегі HLA антиденелері» тақырыптарындағы баяндамалары Съезге қатысушылардың назарларына ұсынылды.

Жұмыс барысында бауыр, өңеш, эндокринді ағзалар хирургиясы, трансплантация және қарқынды терапия саласындағы жетекші мамандар өзара тәжірибе алмасып, кең спектрлі өзекті мәселелердің шешім перспективалары талқыланды.

13 09 2022 2

13 09 2022 2

13 09 2022 2

13 09 2022 2

13 09 2022 2

13 09 2022 2