Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасында Ұлттық ғылыми онкология орталығының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, хирург дәрігер Болат Шалабаевтың қатысуымен «Тыртықты тарылуына байланысты мойын бөлігінің трахеясына реконструктивтік операция» шеберлік класы өтті. Шеберлік класс аясында профессор Шалабаев Жамбылдық әріптестерімен бірлесіп бір мезгілде пластикпен трахеяны қайта құру бойынша күрделі операция жүргізді.
Операция трахеостомиядан кейінгі жағдай, трахеоканюленоскопия, трахея тыртығының тарылуы, мойын омыртқаларының сынуы, С5 омыртқаның компрессиялық сынуы, жоғарғы парез, төменгі параплегия диагнозы қойылған пациентке жасалды.
Омыртқаның жарақатына байланысты пациент өздігінен қозғала алмады, ал трахеостомиядан кейін трахеостомиялық түтік тыныс алудың жалғыз мүмкіндігін береді. Бірақ оны қолдануда тыныс алу жолдарын патогендермен жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, әр жарты сағат сайын жинақталған биологиялық ортадан үнемі тазарту қажеттілігі туындайды. Ал түтікті ауыстыру кезінде трахеостомияның тарылуына байланысты оны орнатуда қиындықтар болды.
Мұның бәрі шетелде операция жасауды жоспарлаған пациенттің өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатты. Алайда дәрігерлермен әңгімелесуден және ҰҒОО профессоры Болат Шалабаевтың шақыруынан кейін операция Жамбыл көп бейінді клиникасында жүргізілді.
Профессор атап өткендей, трахеяға операция жасау кеуде хирургиясындағы ең күрделі араласулардың бірі болып табылады және стеноз кезінде екі есе жоғары дәлдіктегі операциялық техниканы қажет етеді. Мұндай операциялардың жоғары тәуекелдері бар. Трахеяның тыныс алу процесіне кешенді қатысуын, оның дауысты қалыптастыруға және тамақтанудағы делдалдық рөлін ескере отырып, трахеяның жүйке талшықтарының зақымдануы афазия түріне - өздігінен тыныс алу және тамақтана алмау сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Айта кету керек, трахеяның тыртықты стеноздарын жедел емдеудің бұл техникасына мамандардың шектеулі тобы ие. Олар: Астанада - Болат Шалабаев, Алматыда - Саттар Аппазов және Таразда - Жандос Сейдахметов.
Шеберлік класс барысында пациентке бір мезгілде пластикпен трахеяның мойын бөлігінің фрагменті резекцияланды. Операция сәтті өтті. Нәтижесінде пациенттің мұрын арқылы тыныс алуы қалпына келді, оның жағдайы айтарлықтай жақсарды.
Осылайша, дәрігерлердің үйлесімді жұмысы, жоғары кәсібилігі мен зергерлік дәлдігі пациенттің өмірлік маңызды функциясы – еркін тыныс алуды қалпына келтіруге мүмкіндік берді.