12 қазанда ҰҒОО консультативтік-диагностикалық орталығында сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есіктері күні өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, акция сүт безі обыры проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, тұрақты тексерулер қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыру және әйелдер денсаулығына ұқыпты қарау мақсатында өткізілетін "Қызғылт қазан" жаһандық науқанына орайластырылған.
Бұл күні елорда әйелдері кеңес алып, дәрігерлердің тексеруінен және сүт бездерінің ультрадыбыстық диагностикасынан өте алды. Тексеруді онкомаммолог дәрігерлер А. Ақитбаева мен М. Сексембаева жүргізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қатерлі ісікке күдікті 2 жағдай және қатерсіз ісікке байланысты 5 жағдай анықталды. Әйелдер тіркелген жері бойынша қосымша тексеруге жіберілді.
Жалпы, мұндай акциялар әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған және үнемі өткізіліп тұрады. Дәрігерлер тағы да әйелдерді мазасыздық белгілерін немесе ыңғайлы жағдайды күтпеуге, уақтылы және тұрақты түрде тексеруден өтуге шақырады. Олар ауруды ерте кезеңде анықтау сәтті емдеудің кепілі екенін еске салады