Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта 2024 жылғы 14 қыркүйекте қан, қан түзу және лимфа жүйесі аурулары бойынша Ашық есік күні өткізіледі.
Тамыз бен қыркүйек аралығында Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күніне, Дүниежүзілік созылмалы миелоидты лейкозға қарсы күрес күніне, Дүниежүзілік лейкозға қарсы күрес күніне орайластырылған «Қызыл қыркүйек» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өтеді. Бірқатар іс-шаралар лейкемиямен ауыратын науқастардың проблемаларына назар аударуға бағытталған (қан түзу жүйенің қатерлі ауруы).
Елімізде жыл сайын 2000-ға жуық адам қан мен қан түзуші мүшелерінің қатерлі ісіктерімен ауырады. Қазақстанның гепатолог дәрігерлерінің диспансерлік есебінде онкогематологиялық патологиясы бар 12 000-нан астам пациент тұр.
Лейкоздың белгілері шаршау, тұрақты безгек, инфекциялар, қан кету пайда болуына бейімділік, лимфалық түйіндерінің ұлғаюы, сүйек ауруы, салмақ жоғалту, тәбеттің төмендеуі, теріде көгеру немесе қызыл дақтар пайда болуы мүмкін. Қан қатерлі ісігінің белгілері лейкоздың түріне және сатысына байланысты өзгеруі мүмкін және науқастың жалпы денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Аталған белгілердің көрінісін байқаған Астана қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа Ашық есік күніне шақырамыз. Сіз тексеруден өтіп, жоғары білікті онкогематолог-дәрігерлерден тегін кеңес ала аласыз.
ҰҒОО-да тексеруден өтуге ниет білдіргендер алдымен онкогематолог-дәрігерлерге Сall-орталықтың 8-7172-702-911, 8-7172-702-900 телефоны бойынша немесе WhatsАpp нөмірі бойынша тіркелуі қажет +7 708 425 07 11 (тек хабарламалар үшін) және қабылдау уақытына кешікпей келіңіз.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (болған жағдайда).
Жазу жұмыс күндері жүргізіледі (дүйсенбі-жұма) сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін.
Өзіңізге және денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Алдын алу-ең жақсы емдеу!
Қабылдау күні мен уақыты: 2024 жылғы 14 қыркүйек, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мекенжайы: Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3.