Ұлттық онкология ғылыми орталығы 17 тамызда қалқанша безінің патологиясының профилатикасы және ерте диагностикалау мақсатында Ашық есіктер күні өтті.
Бұл күні елорда тұрғындары мен қонақтары ҰҒОО онколог-хирургтарының білікті дәрігерлерінен тегін кеңес алып, тексеруден өтті.
Акция барысында 21 адам тексеруден өтті. Тексеру нәтижелері бойынша қалқанша безінің түйіндік түзілімдері бар - 9 пациент, қабыну аурулары бар - 2 пациент және қалқанша безінің қатерсіз түзілімі бар - 1 пациент анықталды. Қалған өтініш берушілерде қалқанша безінің клиникалық маңызды патологиясы табылған жоқ.
Дәрігерлер қалқанша безінің ауруларын уақтылы емдеу және ерте диагностикалау сәтті емдеудің және қатерлі процестің дамуын болдырмаудың кепілі екенін еске салады. Сонымен қатар, қалқанша безінің ісіктері анықталған жағдайда пациенттерді диагностикалау мен емдеуде заманауи тәсілдер мен технологиялар қолданылатын мамандандырылған онкологиялық орталықтарда емделу ұсынылады.