13-14 наурыз аралығында Ұлттық ғылыми онкология орталығының хирург-онколог дәрігерлері Орал қаласының Облыстық онкологиялық диспансерінде консультациялық-медициналық, әдістемелік көмек көрсету мақсатында көшпелі мастер-класс өткізді.
Сәулелік диагностика орталығының меңгерушісі Мұрат Жақыпов және көп бейінді хирургия орталығының аға ординаторы Нұртас Қалибеков пациенттерге кеңес берді, КТ суреттерін зерттеп, өкпенің қатерлі ісігін анықтау үшін трансторокальды биопсия жүргізді, емдеу тактикасы анықталды.
ҰҒОО Химиотерапия және орталықтандырылған химия араластыру орталығының меңгерушісі Бақытжан Өмірзақованың қатысуымен келесі іс - шаралар өткізілді: химиотерапия бөлімшесін бірлесіп аралау, пациенттерге кеңес беру, клиникалық жағдайларды талқылау, сондай-ақ «Онкологиялық ауруларды дәрілік емдеудегі жаңа қадамдар: иммунотерапия, өкпе обыры, сүт безі обыры, БЖК» тақырыбында мастер-класс өткізді.