Медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2022 жылғы 11 сәуір мен 3 маусым аралығында "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС-ң мамандары, құрамында: ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкогематологы В.М.Кемайкин, Н.К.Аждарова, А. А. Жукубаева еліміздің 17 өңіріне барды.
Қазақстан Республикасының 15 өңіріне тәжірибелік көмек көрсетілді, оның ішінде гематологиялық аурулары бар пациенттерге 76 консультация берілді, гематологияның өзекті тақырыптарына қатысты, аиап айтқанда бұл аурулардың пайда болу себептері мен қауіп факторлары, қанның қатерлі аурулары бар пациенттердің өмір салты және тағы басқалары бойынша 12 дәріс оқылды.
Сонымен қатар, Көкшетау, Атырау, Орал, Ақтау қалаларында 50-ден астам маманның қатысуымен оқыту семинарлары, шеберлік сыныптары және дөңгелек үстел өткізілді, олардың арасында гематологтар, онкологтар және МСАК дәрігерлері болды.
Сондай-ақ, ҰҒОО жұмыс тобының мүшелері медициналық ұйымдардың және өңірлердің денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен кездесті.
Тараптар кадрлармен қамтамасыз ету, онкогематологияда диагностикалық зерттеулер жүргізу, онкогематологиялық ауруларды диагностикалау кезінде зертханалық қызметтер көрсетуді орталықтандыру және басқа да негізгі проблемалық мәселелер туралы талқылады.