ҰҒОО КДЛ меңгерушісі Гүлжан Керімбекова, зертхана дәрігері Назым Елемесова, сондай-ақ басқа да мамандар Иерусалим қаласындағы Хадасса клиникалық зертханасында (Hadassah) тағылымдамадан өтуде.
Бұл Израильдегі ғана емес әлемдегі ең үлкен клиникалық знртханалардың бірі. Мұнда жыл сайын диагностикалық зерттеулердің 270 түрі және 5 миллионнан астам сынақ жүргізіледі. Оқытуды зертхана және клиникалық Биохимия бөлімінің басшысы, Hebrew университетінің медицина мектебінің оқытушысы, Abd al-Roof Higazi профессоры және Dr. Suhair Abdeen зертханасының менеджері жүргізеді.
Бұл оқытудың мақсаты-кәсіби біліктілікті арттыру және жұмыс процесінде қолдану үшін жаңа тәжірибе алмасу