2023 жылғы 29 шілдеде Ұлттық ғылыми онкология орталығы Дүниежүзілік өкпе обыры күніне (1 - тамыз) орайластырылған Өкпенің қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күнін өткізеді.
Астана қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін онколог, хирург дәрігерлерінен ақысыз жоғары білікті кеңес алуға шақырамыз.
Бұл іс-шараның мақсаты - халықты обыр туралы, қатерлі ісіктердің даму қаупі мен факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақытылы анықтау туралы хабардар ету болып табылады.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді, сондай-ақ барлық алдыңғы медициналық қорытындылары; клиникалық-зертханалық зерттеулердің қолда бар нәтижелері болса ала келіңіз.
Өтетін орны: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, Клиникалық-диагностикалық емхана.
Дәрігерлердің консультациясы тек қана алдын ала жазылу арқылы Сall-орталықтың бірыңғай нөмірлері бойынша: 8 (7172) 702-911, 702-900, жұмыс уақытында: сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері жүргізіледі.