Жыл сайын қазан айында бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу Күні атап өтіледі. Ұлттық ғылыми онкология орталығының маммолог дәрігерлері де халықтың хабардарлығын арттыру, сүт безі обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша түрлі акциялар ұйымдастырып келеді.
2022 жылғы 15 қазан, сенбі күні Ұлттық ғылыми онкология орталығының консультативтік-диагностикалық орталығында осы Дүниежүзілік күнге орайластырылған Ашық есік күні өтеді.
Іс - шараға қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады❗
Өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің медициналық қорытындылары (маммография, сүт бездерінің УДЗ) және консультациялар (олар болған кезде) көшірмесі болуы қажет.
Осы іс-шараға қатысу үшін алдымен маммолог-маманға Сall-орталықтың телефон нөмірлері бойынша тіркелу қажет: 8 (7172) 702 911; 702 900 немесе WhatsApp арқылы: +7 708 425 0711 жазылуға болады.
Іс-шара Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, консультативтік-диагностикалық орталық (емхана) мекен-жайы бойынша өтеді.
Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты - сүт безі қатерлі ісік ауруларының өсуіне, сүт безі обырын емдеудегі медицинаның жетістіктері мен диагностикасының заманауи әдістеріне қоғамның назарын аудару, әйелдердің профилактикалық тексерулерден өтуге қатысуын жандандыру.
Онкологиялық ауруларды ерте сатыда диагностикалау - сәтті емдеудің негізгі шарты болып табылады.