Сенбі, 8 сәуірде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау жөнінде Ашық есік күні өтеді.
✳ Акция Дүниежүзілік денсаулық күні аясында өткізіледі, ол жыл сайын 7 - сәуірде бүкіл әлемде және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75-жылдығында "Барлығына денсаулық" қамқорлығымен атап өтіледі.
Қатерлі ісік Қазақстан Республикасындағы халықтың аурғаңдығы мен өлімінің жетекші себептерінің бірі және қоғам үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық ауыртпалық.
Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалаудың маңыздылығы дамудың бастапқы кезеңдерінде емделу ықтималдығының едәуір артуымен түсіндіріледі.
Ашық есік күнінде пациенттер келесі мамандықтағы білікті дәрігерлерден тегін кеңес ала алады: тамырлы хирург, гастроэнтеролог - гепатолог, гепатобиллиарлы хирург, травматолог-ортопед.
Ол үшін:
⚜ міндетті түрде Сall-орталықтың + 7 7172 702-911, 702-900 телефон нөмірі бойынша дәрігерлерге алдын ала жазылу қажет және қабылдау уақытына келу; пациенттерді тіркеу жұмыс күндері 08-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі.
⚜ еріп жүрушілердің, әсіресе балалардың санын азайтуды сұраймыз;
⚜ егер сізде ЖРВИ белгілері болса немесе өзіңізді жайсыз сезінсеңіз Ашық есік күні дәрігерге барудан бас тартыңыз, себебі жоғары температурасы бар адамдарға Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығына кіруге рұқсат етілмейді;
⚜ өзімен бірге жеке куәлігі және алдыңғы тексерулердің нәтижелері болуы қажет (олар болған жағдайда).
Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын іс-шараға қатысуға 8 сәуірде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Астана қ., Керей, Жәнібек хандары к-сі, 3 мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырамыз, кіру емхана арқылы.
Денсаулық - нағыз байлық, оны сақтаңыз!