Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Құрметті достар және астанамыздың қонақтары!

2022 жылғы 17 қыркүйек (сенбі) сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының диагностикалық орталығында қан және қан айналымы жүйесі ауруларын анықтауға арналған ашық есік күні өтеді.

 

Бұл іс-шара Дүниежүзілік медициналық даталарға арналған: сүйек кемігінің доноры күні (17 қыркүйек), созылмалы миелоидты лейкоз күні (22 қыркүйек), лейкемия күні (24 қыркүйек) және ол «Қызыл қыркүйек» ақпараттық науқаны аясында ұйымдастырылуда.

Пациенттер Ұлттық ғылыми онкология орталығының гематолог, онкогематолог дәрігерлерінің тегін кеңесін ала алады.

Ашық есік күніне бару үшін алдымен Call Center телефондары бойынша онкогематологтардың қабылдауына жазылу керек: 8 (7172) 702 911, 702 900; WhatsApp: 8 708 425 0711.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік, қолжетімді тест нәтижелері (жалпы қан талдауы, биохимия), сондай-ақ функционалдық диагностиканың медициналық қорытындылары және т.б. болуы керек. Ұлттық ғылыми онкология орталығы Онкогематология және сүйек кемігін реанимациялау орталығының жетекші дәрігерлері 18 жастан асқан және одан жоғары жастағы науқастарды қабылдайды.

Біз Нұр-Сұлтан қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3 мекен-жайы бойынша орналасқанбыз.