Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

WhatsApp Image 2023 01 12 at 10.16.28

Ұлттық ғылыми онкология орталығының басқарма төрағасы  Гульнара Құлқаева өз  сұхбатында онкологиялық аурулары бар науқастар соңғы халықаралық стандарттарға сәйкес емделетін орталықтың жаңа корпусының ашылуы туралы айтты.

 

Сонымен қатар ол медициналық кадрларды даярлау және профилактикалық жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті:

 «Біздің қазақстандық пациенттер жергілікті емханаларда емес, шетелдік емханаларда емделуді қалауы,  бұл  ұят  нарсе деп ойлаймын. Бұл біздің қандай қызметтер көрсететініміз, клиникаларымызда қандай дәрігерлер жұмыс істейтіні және қазақстандық онкологияның технологиялық тұрғыдан қаншалықты ілгерілегені туралы халықтың хабардарлығының нашарлығынан туындайды. Жалпы, біздің онкологиялық қызметіміз қазір өте жоғары деңгейде. Біз пациенттерді емдеуде халықаралық стандарттарды, шетелде қолданылатын дәрі-дәрмектерді қолданамыз.

Қазіргі уақытта, егер клиникалық блоктың мамандары туралы айтатын болсақ, ол толықтай жабдықталған, сонымен қатар оны кеңейту үшін үнемі жұмыс жасаудамыз.

Мінез-құлық факторы онкологиялық аурудың дамуында теріс рөл атқарады. Бұл темекі шегу, алкоголь, төмен физикалық белсенділік, стресс. Онкологиялық аурулар соңғы жылдары айтарлықтай “жасарғанын" атап өткім келеді. Осыған байланысты білім беру форматындағы іс-шаралар маңызды рөл атқарады, осының  арқасында жастар қатерлі ісік және оның даму факторлары туралы көбірек мағлұмат ала алады. Қазіргі уақытта біздің елде скринингтің үш түрі бар, бірақ бұрын олардың алтауы болған. Қазір сүт безі қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры және колоректальды қатерлі ісік скринингі қалды.

Біздің азаматтарымызды онкологиялық ауруларды ерте анықтауға ықпал ететін осы скринингтерден өтуге шақырамын. Олардың барлығы тегін негізде өткізіледі, тек тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну қажет”.

Толығырақ келесі сілтемелер бойынша оқыңыз:



https://www.nur.kz/health/healthcare/2003483-gulnara-kulkaeva-otkrytie-novogo-onkotsentra-povysit-doverie-grazhdan-k-nashey-sluzhbe/


https://www.instagram.com/p/CmtpjLcMQZr/?igshid=MDM4ZDc5MmU=