Естеріңізге сала кетейік, ертең, 12-13 қазанда «Гематология және сүйек кемігін трансплантациялаудың өзекті мәселелері» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференция ұйымдастырушылары: «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС және ҚБ «Астана қаласының гематологтар қауымдастығы».
Бұл конференцияның мақсаты – гематология саласындағы жетекші мамандарды біріктіріп, емдеу тиімділігін арттыру және науқастардың өмір сапасын жақсарту бағытында бірлескен жұмыс жүргізу.
Спикерлер ретінде отандық және Ресей, Түркия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің белгілі сарапшылары шақырылады.
Екі күн бойы конференция онкогематологиялық ауруларды зерттеу, диагностикалау және емдеуге қатысты келесі секциялар бойынша кең ауқымды тақырыптарды қамтиды:
- лимфопролиферативті аурулар
- лейкоздар секциясы
- миелопролиферативті ісіктер және қантүзілім депрессиялары
- трансплантациядан кейінгі асқынулар – трансплантаттың иесіне қарсы реакциясы.
Конференциядағы әр секция соңғы ғылыми зерттеулер мен клиникалық сынақтардан бастап, заманауи диагностика әдістері мен жаңа емдеу тәсілдеріне дейін қамтитын онкогематологияның жеке аспектілеріне арналған.
Конференция барысында біз клиникалық жағдайларды талқылап, пікірталас панелдері арқылы шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасамыз. Бұл формат қатысушыларға өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруға, жаңа көзқарастарды қабылдауға және халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді.
Іс-шараның өтетін орны: Астана қаласы, Сарыарқа данғылы, 4, «Radisson Hotel Astana» қонақ үйі.
Басталу уақыты: 8-40 сағат.
ҰҒОО Баспасөз-қызметі: +77013026389