Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ұлттық ғылыми онкология орталығында эмболизация мен ТАХЭ озық әдістері бойынша халықаралық семинар өтті.

Іс-шараны аға ординатор, интервенциялық рентгенхирург Чиналиев Азат Мырзабайұлының жетекшілігімен ҰҒОО-ның Сараптамалық эндоскопия және интервенциялық радиология орталығының интервенциялық радиология секторы ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар арасында Моңғолия, Армения және Тәжікстан онкологиялық клиникаларының, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің дәрігерлері бар.

Семинар өте қызық өтті. Бағдарламаның теориялық бөлімінде қатысушыларға тақырыптар бойынша дәрістер оқылды:
- "Бауыр обырының трансартериялық химиоэмболизациясы-ТАХЭ"
- "Пациентті орта және кіші персоналдың ТАХЭ рәсіміне дайындауы"
- "ТАХЭ жақсарту әдістері".

Тәжірибелік бөлім барысында қатысушылар операциялық бөлмеге ҰҒОО дәрігерлері жүргізген талданатын тақырыптардың клиникалық кейстері бойынша шеберлік сыныбына қатысты.

Сонымен қатар, семинар барысында шетелдік әріптестер интервенциялық радиология бөлімшесімен және ҰҒОО жаңа корпусының операциялық блоктарымен танысып, онда ұсынылған жоғары технологиялық жабдыққа тәнті болды.

Ұлттық ғылыми онкология орталығымен Моңғол интервенциялық онкология қауымдастығы (МИОҚ) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою маңызды оқиға болды. Меморандумға ҰҒОО Басқарма төрағасының стратегиялық даму, ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары Оксана Шатковская және МИОҚ Президенті Dr  Yumchinserchin Narangerel қол қойды.

Белгіленген ынтымақтастық шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ интервенциялық онкология саласында мамандар даярлау жоспарлануда.