Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Врач ваш союзник

Дəрігердің науқасқа назар аудармауы көбінесе оның ауыр жүктемесімен, пациенттердің үлкен ағымымен байланысты. Қарым-қатынас процесінде алшақтай түсу адам психикасының табиғи реакциясы. Осыны ескеріп, түсіністікпен қарауға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сіздің дəрігеріңіз білікті маман жəне ол сізге көмектесу үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды.

 

Шыдамды болыңыз, өйткені Сізге сұрақтарды тұжырымдау үшін, ал дəрігерге оларға жауап іздеу үшін уақыт қажет.

Өзіңізден "Қаншалықты көп білгім келеді?» деп сұраңыз. Дəрігерге нені білгіңіз келетіні жəне не туралы білгіңіз келмейтінін ашық айтудан қорықпаңыз.

Сұрақтарды тұжырымдау қағидалары туралы:

• Дəрігердің нұсқауларын қағазға жазыңыз;

• Оларды нақты түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

• Дəрігерге бару арасында туындаған сұрақтарыңызды жазып отырыңыз. Дəрігерге қандай сұрақтар қоюға болады;

• Менің диагнозым қандай? Бұл нені білдіреді?

• Сіз қандай емдеуді ұсынасыз? Менің емделуім қашан басталады? Емдеудің балама нұсқалары бар ма?

• Бұл емдеудің артықшылықтары қандай? Осы емдеудің қауіптері қандай? Емдеу қанша уақытқа созылады?

• Сіз маған қандайдəрі-дəрмекті тағайындайсыз? Олардың əрекеті қандай, олар неге бағытталған?

• Емдеу кезінде неге дайын болуым керек?

• Емдеудің қандай жанама əсерлері бар? Жанама əсерлерге қатысты не істеуге болады?

• Сізге қоңырау шала аламын ба? Төтенше жағдайларда мен қайда қоңырау шала аламын?

Дəрігерге ауру мен емделудің қалай өтіп жатқандығы туралы əрдайым хабарлаңыз. Өзіңіздің жағдайыңыз, дене сезімдерінің туралы айтып беріңіз. Күнделік жүргізіңіз.

Дəрігермен əңгімелесуді есте сақтауға тырысыңыз. Мазасыз күйде əңгімелесушінің сөздерін есте сақтау қиынға соғады, сондықтан дəптерге əңгіме туралы белгілер жасаңыз.