Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

 

Дауыс беру жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуде.

Ұлттық ғылыми онкология орталығында стационарлық жағдайда емделіп жатқан пациенттерге, олардың тіркелген жері бойынша дауыс беруге мүмкіндігінің болмауына байланысты Астана қаласының "Есіл" ауданының №225 сайлау учаскесінде сайлауға қатысуға рұқсат берілді.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Санжар Шалекеновтың айтуынша, бүгінде учаскеде стационарлық емделіп жатқан 200-ден астам азамат дауыс береді. Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, сайлау туралы ақпарат бар. Орталық сайлау комиссиясының талаптары сақталуда.

№225 учаскенің сайлау комиссиясы өз жұмысын 7.00-ден бастады және 20.00-де аяқталады.

Сайлау учаскесінде дауыс беруге келген пациенттерге бюллетеньдер берілді.

WhatsApp Image 2023 03 19 at 11.13.34 2WhatsApp Image 2023 03 19 at 11.13.34 1WhatsApp Image 2023 03 19 at 11.13.34