2024 жылғы 9 тамызда Ұлттық ғылыми онкология орталығында B. Braun Medical Kazakhstan компаниясымен бірлесе отырып, «Жасанды тамақтандыру тұжырымдамасы: әдістері. Мейірбикелік күтім. Қауіп-қатерлер» атты мастер-класс өтті.
ҰҒОО анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығының мейірбике ісінің мамандары жасанды тамақтанудың ерекшеліктері туралы айтып, тамақтанудың парентеральды және энтеральды түрлерін енгізу техникасын көрсетті.
Сонымен қатар, мейірбике ісінің мамандары мастер-класс барысында B. Braun Medical Kazakhstan компаниясының пациенттерді нутрициологиялық қолдауға арналған қоректік қоспалармен, препараттармен және техникалық құралдармен танысты.
Нутрициологиялық қолдау – онкология дертіне ұшыраған науқастарды емдеудің маңызды компоненті болып табылады. Ол пациент ағзасының емдік – дәрілік, химиотерапиялық, сәулелік әдістерге төзімділігін арттыру үшін қажет және осылайша мейірбикелік күтімнің біртұтас практикасының бір бөлігі.