Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

2023 жылғы 22-23 маусымда Астана қаласында Қазақстан гепатологтары/гастроэнтерологтарының "Gastro Hepato Transplant News-2023. Аутоиммунды қиылыстар: бауыр мен ішек. Ішектің қабыну ауруларындағы өзектілік. Гепатологиядағы гемостаз" VI-шы Ұлттық конгресі өтеді. Аталмыш шара гастроэнтерологтар: Бибігүл Ілиясованы және Юрий Шумковты еске алуға арналады.

 

Конгресті Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығы және "Gastro Hepato Transplant Group KZ" гепатологтар/гастроэнтерологтар қауымдастығы өткізеді.

Қазіргі кездегі гепатология және гастроэнтерология саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланады.

Медицина ғылымының қарқынды дамуы бауыр ауруларын диагностикалауда және емдеуде, оның ішінде озық кезеңдерде бауыр трансплантациясы қажеттілігіне жаңа мүмкіндіктер ашады, Қазақстанның екі жетекші трансплантация орталығының сарапшыларының қатысуымен бауыр трансплантациясына пәнаралық тәсілдеме бойынша модераторлар: ҚР АМН академигі, профессор Ж.А. Досқалиев, А.Н.Сызғанов атындағы "ҰҒХО" АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс Бас трансплантологы, профессор Б.Б.Баймаханов қатысады. Гендік-инженерлік терапияның жаңа режимдері және колопроктологтармен бірге ішектің қабыну ауруларын емдеудегі сабақтастық талқыланады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілетін Конгресс жұмысына Германия, АҚШ, Қазақстанның спикер-профессорлары, жетекші сарапшылары қатысады.
Қатысушылар қатарында ҚР өңірлерінен гастроэнтерологтар, инфекционистер, гепатологтар, УДЗ дәрігерлері, эндоскопистер, онкологтар, хирургтар, трансплантологтар, терапевттер және жалпы практика дәрігерлері тіркелген.

Алғашқы екі күнде қатысушылар панельдік сессияларға, семинарларға қатысу арқылы гастроэнтерология және гепатология саласындағы білім деңгейін арттыра алады.

Өтетін орны: Астана қ., Сарыарқа к-сі, 4, "Radisson Hotel Astana" қонақ үйі.
Қатысушыларды тіркеу уақыты: 09-00-ден 9-30-ға дейін.
Салтанатты ашылу уақыты: 09-30-дан 10-00 минутқа дейін.

Талқыланатын мәселелер тек академиялық қызығушылықты ғана емес, сонымен қатар ұсынылған әдістердің практикалық маңыздылығын көрсетеді.

Конгресстің үшінші күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында GHTG.KZ "Гастроэнтеролог мектебі" аясында "Асцит және лапароцентездің ультрадыбыстық диагностикасы" тақырыбы бойынша шеберлік сағаты жоспарланған, ол шарада спикер:

- Есмембетов К.И., м.ғ.к., гепатолог, гастроэнтеролог дәрігер, Ахен университеттік клиникасында гастроэнтерология, зат алмасу аурулары және қарқынды медицина клиникасының реаниматологы (Ахен қ., Германия), профессор, Ұлттық ғылыми онкология орталығының консультанты.

Өтетін орны: Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3.

Постерлік баяндамаларды ұсыну туралы, сондай-ақ VI-шы Ұлттық конгреске қатысу туралы қосымша ақпаратты GHTG.KZ қауымдастықтың жауапты хатшысы: Сатликова Наталья Владимировна, байланыс тел.: +7 701 489 68 04, email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

БАҚ аккредиттеу Whatsapp нөмірі бойынша: +7 778 700 43 24, Алуа Жарылқасынқызы Мырзаханова.