Бүгінгі таңда әрбір қазақстандыққа гепатологиялық және гастроэнтерологиялық онкологиялық ауруларды емдеудің барлық заманауи терапевтік әдістері тегін қолжетімді. Сонымен қатар, тіпті гендік-инженерлік биологиялық препараттармен біздің азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.
ҚР ДСМ штаттан тыс бас гематологы, м. ғ. д., ҰҒОО профессоры Күлпаш Қалиаскарованың айтуынша, отандық гепатологияда бауырдың созылмалы ауруларын, оның ішінде вирустық гепатиттерді емдеуге арналған мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрлері бар:
«Егер клиникалық көріністерсіз жүретін В және С вирустық гепатиттері туралы айтатын болсақ, онда уақтылы диагноз қою үлкен рөл атқарады. Әдетте, пациент тіпті 30-40 жылдан кейін бауыр циррозына және бауыр қатерлі ісігіне әкелетін жасырын инфекцияның бар екенін білмеуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жағдайларда тағы бір қауіпті фактор бар: мұндай науқас инфекция көзі болып табылады және жақын адамдарына жұқтыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағымсыз салдарларды болдырмау үшін міндетті түрде скринингтік тексеруден өту қажет».
ДДСҰ мәліметтері бойынша, вирустық гепатит планетаның әрбір үшінші тұрғынына әсер етеді. Қауіпті қоздырғышпен күресу үшін 2016 жылы «2030 жылға қарай С вирустық гепатитін жою жөніндегі жаһандық бағдарлама» әзірледі. Заманауи медицинаның арқасында С гепатитінен толық емделуге болады, өйткені 98 пайыз тиімділігі бар жаңа препараттар пайда болды. Қазақстандық гепатологтар соңғы төрт жылда 30 мыңнан астам науқасты жасырын аурудан құтқарды. Сонымен қатар, В гепатитіне қарсы вакцинация бағдарламасы жұмыс істейді, әрине, олардың шешілуін талап ететін проблемалық мәселелер де жоқ емес.
ҚР ДСМ осы жобаның кураторы ретінде Ұлттық ғылыми онкология орталығына тапсырма берді.
Профессордың айтуынша, қазіргі уақытта бауыр циррозы, бауыр ісігі бар науқастар санының өсуі байқалады.
Егер жағдай бақыланбаса, 2030 жылы бауыр өлімінің ықтималдығы 65 пайызға артады.