Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

WhatsApp Image 2023 03 09 at 16.10.44

Бүйректің қатерлі ісігі — қатерлі ісік, ол көбінесе карцинома тəріздес болады жəне проксимальды
түтікшелер мен жинақтаушы түтіктердің эпителийінен (бүйрек жасушалы обыр) немесе табақшалы-бүйректік жүйесінің эпителийінен (өтпелі жасушалық карцинома) дамиды.

 

АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖƏНЕ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
• (50 жастан жоғары);
• жынысы (ер адамдар 2 есе жиі ауырады);
• химиялық заттардың əсері;
• ұзақ диализ;
• темекі шегу;
• артық салмақ.
Бүйрек обырының қатері - ерте кезеңдерде ауру көбінесе байқалмайды. Бүйрек обырының белгілерін атап өткен жөн, олар жанама түрде мүмкін ауруды көрсетуі мүмкін:

• гематурия (зəрдегі қан);
• саусақпен басу арқылы анықтауға болатын бел аймағында ісінудің болуы;
• жалпы жағдайдың нашарлауы, əлсіздік, солғырлық,
• тəбеттің жоғалуы;
• дене температурасының жоғарылауы;
• аяқтың ісінуі;
• анемия;
• артериялық қысымның себепсіз жоғарылауы;
• бүйрек аймағындағы ауырсыну

Бүйректің қатерлі ісігіне диагноз қою кезінде қолданылады:
• УДЗ;
• рентген диагностика: рентгенография (оның ішінде бүйрек ангиографиясы, урография жəне т.б.);
• компьютерлік томография;
• қан мен зəрді зертханалық зерттеу.
Сіз диагностикадан өтіп, Ұлттық ғылыми онкология орталығы көп бейінді хирургия орталығының
онкоурология секторының халықаралық тағылымдамадан өткен жоғары білікті мамандардан сапалы медициналық көмек ала аласыз.

Біздің мамандар жаңа технологияларды пайдалана отырып, несеп-жыныс жүйесі аурулары кезінде, оның ішінде онкоурологиялық аурулар кезінде жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді.

Дәрігердің консультациясына жазылу Сall-орталықтың бірыңғай телефон нөмірі бойынша жұмыс күндері: сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі, сенбі/жексенбі-демалыс.
☎️ Call-center: 8 (7172) 702-911, 702-900,
WhatsApp: 8 708 425 07 11.