Орталық аппаратта, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық ұйымдарында 2024 жылғы 20 ақпанда №181 болып бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес, 2024 жылдың 29 шілдесінен 30 тамызына дейін «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС қызметінің СЖТІТ өткізілетін болады.
СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ дайындау және өткізу барысында мынадай рәсімдер жүзеге асырылатын болады:
- 2024 жылғы 30 шілдеде СЖТІТ өткізу жөніндегі бұйрықты бекіту;
- СЖТІТ басталуы - а. ж. 31 шілде;
- 2024 жылғы 27 тамызға дейін аралығында СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою;
- СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс – шаралар жоспарын әзірлеу – а.ж. 13 қыркүйекке дейін.
- Аналитикалық анықтаманы және іс-шаралар жоспарын «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС интернет – ресурсында орналастыру - а. ж. 20 қыркүйекке дейін.
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
+7 (7172) 70 28 93 (іш. 1149), «ҰҒОО» ЖШС комплаенс офицері