Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Конференция барысында хирургияның өзекті мәселелері бойынша Орталық Азияның, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу, спутниктік симпозиумдар өткізу, қазақстандық тәжірибеге онкологтардың халықаралық тәжірибесін кеңінен енгізу және танымал етуге бағытталған стендтік баяндамалармен танысу және талқылау жоспарлануда.

 

Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер қатысады деп күтілуде.

Өтетін орны - "AIFC Property Offices", С4.3 блогы және С4.4 блогы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/22, Астана қ., Қазақстан Республикасы.

Конференция барысында келесідей мәселелер талқыланады:

- Денсаулық сақтау ұйымы және медициналық құқық

- Радиациялық онкология және ядролық медицина

- Онкологиядағы дәрілік терапияға жекелендірілген тәсілдер

- Онкологиялық науқастарға паллиативтік және қолдаушы көмек

- Онкологиядағы қарқынды және ноцицпетивті терапия

- Әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеудегі хирургиялық тәсілдерді оңтайландыру: сүт безі обыры, онкогинекология, онкохирургия, онкоурология, онкогепатология

- Онкологиядағы мейіргер ісінің үштұғырлығы: тәжірибие, білім және ғылым.

Ұйымдастырушылар: Ұлттық ғылыми онкология орталығы, "Онколог-хирургтар қоғамы" ҚБ. Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтеді.

Конференция гибридті режимде өтеді (off-line алаң, мероприятия – line іс-шара платформасы), қатысу форматы күндізгі (баяндама, постерлік баяндама), сырттай (тезистерді жариялау), трансляция тілі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Конференцияның барлық күндері медициналық техниканы, дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші жетекші фирмалардың көрмесі жұмыс істейтін болады.

Конференция бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://kz-oncoconf.org/.

Постерлік баяндамалар конкурсына қатысуға шақырамыз, жауапты тұлғалар: Жарлығанова Динара Сарқыбекқызы, тел.+7 702 213 6155; Хамзина Сәуле Сансызбайқызы, тел.+7 775 796 6235, +7 775 717 2961, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.;

БАҚ аккредиттеу Whatsapp нөмірі бойынша қабылданады: +7 778 700 43 24, Мырзаханова Алуа Жарылқасынқызы.