Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

ҰҒОО сараптамалық эндоскопия және интервенциялық радиология орталығының меңгерушісі Қанат Батырбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 8 ақпандағы тапсырмасын іске асыру шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор – «СК – Фармация» ЖШС базасында жүргізілетін орталықтандырылған медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру жұмысына қатысты.


Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Мұқан Өтеуовтің атынан «СК-Фармация» ЖШС көрсеткен кәсібилігі үшін Қанат Өмірзақұлына алғысын білдірді:
«Эндоскопия үшін медициналық техниканы сатып алу және сараптамалық қорытындыларды қысқа мерзімде ұсыну кезінде әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарау терең білім мен тәжірибе - қажетті медициналық техниканы сатып алу рәсімін уақтылы жүргізуге мүмкіндік берді. Сізге медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру жөніндегі жобаны іске асырудағы жемісті ынтымақтастығыңыз, адалдығыңыз және объективті сараптамалық пікіріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сізге кәсіби салада табыс пен өркендеу тілейміз».