Ағымдағы жылдың шілде айында Степногорск қаласында тұратын науқас ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа жүгінді, одан скринингтік колоноскопия кезінде үлкен мөлшердегі сигма тәрізді ішек полипі табылды.
Бастапқыда ол Көкшетау қаласының онкодиспансеріне жіберілген, ол жерде оған стоманы жоя отырып, тоқ ішектің бір бөлігін «ашық» түрде алып тастау ұсынылады. Науқас мұндай операциядан бас тартып, ҰҒОО-на өз бетінше жүгінеді. Отралықта сараптамалық эндоскопия бөлімшесінің мамандары, атап айтқанда, доктор эндоскопист Әсет Уәлиханов денеде бір тіліксіз ісікті алып тастау үшін аз инвазивті орган сақтайтын эндоскопиялық операцияны ұсынды. Науқас өз келісімін беріп, портал арқылы ауруханаға жатқызылды.
Алдын ала дайындықтан кейін Әсет Талғатұлы орталықта алғаш рет жоғары технологиялық жабдықтар мен арнайы лазерлік құралдарды қолдана отырып, тоқ ішектің эпителий түзілуінің субмукозальды қабатында резекциямен эндоскопиялық диссекция жүргізді. Екі сағатқа жуық созылған операцияда органның өз функциясын бұзбай толығымен сақтай отырып, ісік алынып тасталды. Төрт күннен кейін науқас үйіңе шығарылды.
3 айдан кейін бақылау тексерісі кезінде орны орны толығымен тыртықталған. Науқас өмір сүруді және туыстары мен жақындарын қуантуды жалғастыруда.