Астана қ., Керей, Жәнібек хандар қ., 3 үй
Версия для слабовидящих

Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкогематологиялық реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Евгений Меренков "Hadassah" Израиль медициналық орталығында дәріс-семинар, сондай-ақ практикалық оқу курсынан өтті. Тағылымдама бағдарламасының негізгі бағыттары «Анестезиология», «Сүйек кемігін трансплантациялаудан кейінгі пациенттердегі фибрильді нейтропения, жоғары дозалы химиотерапия», «Онкологиядағы Pain management», «Қарқынды терапиядағы шұғыл ЭХОграфия». Тағылымдама тақырыптарын таңдау ҰҒОО онкогематология бөлімінің профиліне байланысты.

 

Теориялық дайындық барысында алынған білім қарқынды терапия бөлімшелеріндегі күнделікті жұмыстармен нығайтылды.
Сондай - ақ, тағылымдама бағдарламасы бойынша екі күн «Хадасса Эйн»-екінші клиникасында өтті. Мұнда пациенттің жайлылығы үшін тек көктамырішілік анестезиямен жасалатын трепан биопсиясын жүргізу процесіне басымдылық берілді.

Доктор Евгений Анатольевичтің айтуынша, мұндай тағылымдамалар Қазақстанда жыл сайын өсіп келе жатқан онкогематологиялық аурулары бар пациенттерге жоғары мамандандырылған онкологиялық көмек көрсету дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.

14 12 2022 1

14 12 2022 1

14 12 2022 1