ҰҒОО обыр ауруларын бақылау орталығының басшысы Нұргүл Аждарова өз сұхбатында ОАБО алдында тұрған қызмет, орындалатын міндеттер мен мақсаттар туралы айтты:
«Өз жұмысын үш жыл бұрын бастаған Ұлттық ғылыми онкология орталығы обыр ауруларын бақылау орталығы болашақта бүкіл Қазақстан бойынша онкологиялық қызметтің мониторингін жүзеге асыратын болады».
Бүгінгі күні елімізде сүт безі обырын (40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер өтуі керек), жатыр мойны обырын (30 мен 70 жас аралығындағы әйелдер) және колоректальды обырды (50 мен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер) ерте анықтауға бағытталған скринингтің үш түрі бар. Скринингтер арасындағы алшақтық екі жыл. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған скринингтің осы үш түрінің тиімділігі қазірдің өзінде дәлелденген. Скринингтің негізгі мақсаты-аурудың белгілері жоқ адамның обыр ісігін дер кезінді анықтау және емдеуді уақтылы бастау.
Ерте сатыдағы мамандандырылған емдеудің тиімділігі аурудың кейінгі сатысында емдеу басталғанға қарағанда жоғары болуы мүмкін. Сонымен қатар, біздің оқырмандарымыздың назарын заңнамалық деңгейде қызметкерлердің скринингтен өту үшін әлеуметтік демалысқа құқығы бекітілгеніне аударғым келеді, оған жалақы мен жұмыс орнын сақтай отырып, үш жұмыс күні беріледі.
ҰҒОО-дағы профилактикалық іс-шараларға келетін болсақ, клиникалық-диагностикалық орталықта ай сайын обыр ісігінің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күндері ұйымдастырылады және олардың жүргізілуі клиниканың әлеуметтік желілерінің барлық беттерінде жарияланып отырады. Ашық есік күндерінде біз әдетте қала тұрғындары мен қонақтарын әртүрлі мамандықтағы онкологиялық дәрігерлерден тегін кеңес алуға шақырамыз».
Сілтемелер арқылы біз туралы көбірек оқыңыз:
https://www.nur.kz/health/healthcare/2001758-nurgul-azhdarova-nasha-tsel-snizit-uroven-smertnosti-ot-onkozabolevaniy/
https://www.instagram.com/p/CmMFLxFsprL/?igshid=YmM