2022 жылғы 5 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС мейіргер ісі мамандары мен зертханашылары Израиль, Германия және Нидерландыдағы жетекші клиникаларда тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдаманың мақсаты-теориялық білімді практикалық қолданумен ұштастыра отырып, тәжірибе алмасу, клиникалардың техникалық жабдықталуымен және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу мен күтудің заманауи әдістерімен танысу.
Тағылымдама бағдарламасының бағыттары:
Тағылымдама бағдарламасының бағыттары:
📌 Мейіргерлік қызметті басқарудағы заманауи тәсілдер,
📌 Онкогематологиялық аурулары бар пациенттерге күтім жасау ерекшеліктері,
📌 Химиотерапияның стандартты және жоғары дозалы курстарын жүргізудегі мейіргерлік практика,
📌 Хирургиялық ннкологиядағы заманауи мейіргерлік технологиялар,
📌 Анестезиология, реанимация және қарқынды терапиядағы мейіргерлік процесс,
📌 Протонды терапия, сәулелік терапия, брахитерапия, радионуклидті диагностика және терапиядағы инновациялық технологиялар.
Біз бір орында тұрмаймыз: Израиль клиникасында оқу
ҰҒОО КДЛ меңгерушісі Гүлжан Керімбекова, зертхана дәрігері Назым Елемесова, сондай-ақ басқа да мамандар Иерусалим қаласындағы Хадасса клиникалық зертханасында (Hadassah) тағылымдамадан өтуде. Бұл Израильдегі ғана емес әлемдегі ең үлкен клиникалық знртханалардың бірі. Мұнда жыл сайын диагностикалық зерттеулердің 270 түрі және 5 миллионнан астам сынақ жүргізіледі. Оқытуды зертхана және клиникалық Биохимия бөлімінің басшысы, Hebrew университетінің медицина мектебінің оқытушысы, Abd al-Roof Higazi профессоры және Dr. Suhair Abdeen зертханасының менеджері жүргізеді.
Бұл оқытудың мақсаты-кәсіби біліктілікті арттыру және жұмыс процесінде қолдану үшін жаңа тәжірибе алмасу