Astana, Kerey, Zhanibek Khandar str., house 3
Версия для слабовидящих

Елде бірегей операция жасалды. Бір анадан туғандар, бір ағзамен өмір сүріп жатыр. Ағасы қарындасына бауырынын 65 % беріп, екінші тынысын ашты. Ұлттық ғылыми онкология орталығының тәжірибелі дәрігер-трансплантологтары пациенттің жағдайын ұзақ уақыт бақылаған, зерттеп-зерделеген және елде алғаш рет жасалатын бұл трансплантацияға Үндістаннан трансплантолог докторды және ҰҒКО кардиохирургтары шақырылды.

🔹 Тоқан Сұлтанәлиев, ҰҒОО хирургиялық қызмет бойынша Бас консультанты, м.ғ.д., профессор: - Альвеококкоз деген ауру ол рактан кем емес. Паразитарный ауру. Ветеринарлық жұмыстар қазір жөнді орында емес. Сондықтан, мына эхинококк, альвеококк олар көбінесе түлкі, ит соларда болады. Солардан адамға жұғады. Бауыр альвеококкозын қатерлік ісікпен салыстырады. Ешқандай ем болмаса, мұндай диагнозбен адамдар әрі кетсе 10 жыл өмір сүреді. Сондықтан, бұл технологияны енгізу арқылы ауыр дертке шалдыққан өзге науқастарға да көмектесуге болады,- дейді мамандар. Ота 16 сағат 17 минут өмір үшін күрес және сәтті аяқталды.

Толығырақ сілтемеден қараңыздар: https://youtu.be/AshJcwYvTj0