Лауазымы: радиациялық онколог дәрігер
Біліктілік санаты: жоғары біліктілік санаты
Еңбек өтілі: 21 жыл
Бөлімше: Радиациялық технологиялар орталығы
Білімі
- 1996–2002 жж. – Семей мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» факультеті.
- 2002–2003 жж. – Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінде интернатурадан өтті.
Еңбек тәжірибесі
- 2003–2025 жж. – Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығы, радиациялық онколог дәрігері.
Біліктілікті арттыру
- «Қатерлі ісіктері бар пациенттердің сәулелік терапиясының таңдаулы мәселелері» (300 сағат).
Тағылымдамалар мен халықаралық оқыту бағдарламалары:
- «Тиісті клиникалық практика (Good Clinical Practice – GCP)», Семей қаласы;
- «Медицинадағы радиациялық қауіпсіздік», Курчатов қаласы;
- «Radioisotope and Radiation Treatment», Вильнюс, Литва (МАГАТЭ);
- «Қазіргі сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістері: қарқындылығы модуляцияланған және кескін бойынша басқарылатын сәулелік терапия. Клиникалық қолдану, жоспарлау және верификация аспектілері», Рига, Латвия (МАГАТЭ);
- «Академик Н.Н. Трапезниковты еске алуға арналған ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының X съезі», Сочи, Ресей (2018 ж.);
- OIS Clinical Implementation Course (32 сағат), Хам, Швейцария;
- «Сәулелік терапияны жаңғырту және дамыту стратегиясы: техникалық және кадрлық қамтамасыз ету», Мәскеу, Ресей (МАГАТЭ);
- «Modern Radiation Therapy in Clinical Use», Баку, Әзербайжан (Varian);
- «High Dose Rate Brachytherapy», Варшава, Польша (2018 ж.);
- «Brachytherapy in Treatment of Patients with Various Localization Cancer», Варшава, Польша (2018 ж.);
- «Regional Workshop on Making a Compelling Case to Procure LINACs & Leveraging Existing Resources in the Region», Тбилиси, Грузия (2024 ж.);
- «Stereotactic Radiotherapy for Tumors of Different Localization», Кельн, Германия (2024 ж.).
Кәсіби қызығушылықтары
-
3D-CRT, IMRT және IGRT жоғары технологиялық сәулелік терапия әдістері;
-
4D және 5D режимдерінде жүргізілетін брахитерапия (интракавитарлық, интерстициалдық және интралюминальды);
-
Сәулелік ем жүргізу кезінде тыныс алуды синхрондау (Gating) технологиясы.