Суюнова Аягөз Бақытжанқызы
Суюнова Аягөз Бақытжанқызы
Молекулалық-генетикалық зерттеулер орталығы бар клиникалық-диагностикалық зертхананың маманы

Біліктілік санаты: жоқ

Еңбек өтілі: 17 жыл

Бөлімше: Клиникалық-диагностикалық зертхана

Кәсіби жетістіктері мен марапаттары

  • PhD докторы.
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2025–2026 жж.).
  • University of Illinois Chicago (АҚШ) тағылымдамашысы (2025–2026 жж.).

Білімі

Негізгі білім:

  • 2005–2008 жж. – Көкшетау мемлекеттік медицина колледжі, «Зертханалық диагностика» мамандығы.
  • 2003–2008 жж. – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, «Химия және биология» мамандығы.

Докторантура:

  • 2014–2021 жж. – Санкт-Петербург қаласы, докторантура (PhD).

Қосымша білім және біліктілікті арттыру

  • 2020 ж. – «Парасат» Қазақстандық медициналық біліктілікті арттыру институты, «Зертханалық диагностика» бағыты бойынша біліктілігін арттыру.
  • 2025–2026 жж. – University of Illinois Chicago (Чикаго, АҚШ), «Зертханалық диагностика», «Клиникалық зертханалық диагностика» бағыттары бойынша тағылымдамадан өту.

Еңбек жолы

  • 2008–2015 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығы жанындағы «Биомедпрепарат» ғылыми-талдау орталығы, органикалық химиялық талдау тобының жетекшісі.
  • 2015–2022 жж. – «ЭкоЛюкс» экологиялық мониторинг сынақ орталығы, зертхана меңгерушісі.
  • 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Молекулалық-генетикалық зерттеулер орталығы бар клиникалық-диагностикалық зертхананың маманы.

Ғылыми және педагогикалық қызметі

  • Органикалық және бейорганикалық химия, сондай-ақ онкология салалары бойынша 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы (ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізімі, РИНЦ, Scopus Q2–Q4 басылымдары).

Кәсіби қызығушылықтары

  • Клиникалық зертханалық диагностика.
  • Биохимиялық зерттеулер.
  • Гемостаз жүйесінің зертханалық диагностикасы.
  • Молекулалық генетика.