Біздің сектор бас және мойын аймағындағы қатерлі және қатерсіз ауруларды хирургиялық емдеуге маманданған. Секторда 4 дәрігер жұмыс істейді. Аға ординатор – м.ғ.к. Шалабаев Болат Жарылқасынұлы.
Сектордық қызметі
Сектор мамандары қалқанша безі, көмей, сілекей бездері, ауыз қуысының ісіктері, қосымша қойнаулар мен мұрын қуысы, ерін, жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, мойын мен бет терісінің патологиялары кезінде операциялар жасайды. Сондай-ақ, кең ауқымды ЛОР-оталары орындалады.
Реконструктивті-қалпына келтіру оталары
Секторда әртүрлі лоскуттарды қолдана отырып реконструктивті-қалпына келтіру оталары жүргізіледі. Біз онкологиялық оталардан кейін тіндердің анатомиясы мен қызметін қылпына келтіру үшін заманауи пластикалық әдістерді қолданамыз. Жеке тәсіл мен озық технологиялар бізге пациенттер үшін ең жақсы функционалдық және эстетикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жыл сайын секторда бас және мойын ісіктері мен ЛОР аурулары бар 400-ден астам науқас мамандандырылған ем алады.
Артықшылықтарымыз
Тәжірибелі онкохируртар командасы заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін қолдана отырып, жоғары сапалы медициналық көмек пен әрбір науқасқа жеке көзқарас ұсынады.
Сектор заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген:
Заманауи технологиялар мен жоғары біліктілік үйлесімі бізге қауіпсіз әрі нәтижелі ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Біліктілік пен тәжірибе
Біздің дәрігерлеріміз жоғары біліктілікті және көпжылдық тәжірибеге ие. Сектор мамандары алдыңғы қатарлы шетелдік клиникаларда тұрақты түрде оқудан өтіп, біліктіліктерін арттырады, жаңа диагностикалық және емдеу әдістерін меңгереді. Бұл бізге заманауи технологияларды енгізіп, науқастарға жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды.
