Онкоурология секторы

Сектор жетекшісі: Асықбаев Мэлс Нұрсейітұлы

Хирург-трансплантолог, уролог, онколог. 

Менеджмент және басқару магистрі. 

Сектордың қызметі:

Онкоурология секторы несеп-жыныс жүйесінің онкологиялық ауруларын диагностикалау және емдеумен айналысады. Сондай-ақ біз несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары бар пациенттерге көмек көрсетеміз.

Урология және онкоурология қызметтерінің спектрі:

Біз заманауи хирургиялық әдістерді қолданамыз, соның ішінде:

  • Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар және бүйрек артериялары стенозына байланысты қатерлі артериялық гипертензиясы бар, гемодиализдегі пациенттерге лапароскопиялық нефрэктомия;
  • Аймақтық лимфодиссекциямен/онсыз лапароскопиялық радикалды простатэктомия;
  • Жүйке-сақтаушы радикалды простатэктомия;
  • Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы және қатерлі ісігі кезінде простаталық артериялардың эмболизациясы, химиоэмболизациясы;
  • УДЗ бақылауымен қуықасты безінің трансперинеалды биопсиясы;
  • Қуық рагында селективті химиоэмболизация;
  • Лапароскопиялық және забрюшиндік эндовидеохирургиялық бүйрек кисталарын алып тастау;
  • Лапароскопиялық ЛМС пластикасы;
  • Лапароскопиялық гидронефроз коррекциясы;
  • Штудер әдісі бойынша нео-қуық (neobladder) қалыптастыра отырып радикалды цистэктомия;
  • Бриккер әдісі бойынша илеокондуит қалыптастырумен радикалды цистэктомия;
  • Бүйрек ісіктері және терминалды гидронефроздар кезінде лапароскопиялық радикалды нефрэктомия;
  • Терілік пункциялық нефростомия;
  • Мочеточникті стенттеу (стент орнату);
  • Биопсиямен диагностикалық цистоуретероскопия;
  • Тромбэктомиямен ашық радикалды нефрэктомия;
  • Бүйрек ісіктерінде лапароскопиялық және ашық бүйрек резекциясы;
  • УДЗ және КТ бақылауымен 3 см-ден аспайтын бүйрек ісіктерінің радиожиілікті абляциясы;
  • Қуықасты безінің биполярлы және монополярлы ТУР-ы;
  • Қуық ісіктерінің трансуретральды резекциясы;
  • Жоғарғы несепағар жолдарының барлық деңгейлерінде литоэкстракциямен бірге контактты литотрипсия;
  • Қуық-қынаптық жыланкөздің пластикасы;
  • Варикоцелені емдеу (лапароскопиялық, микроскопиялық, эндоваскулярлық әдістермен);

Әрбір клиникалық жағдай көпсалалы топта талқыланып, мүмкіндігінше ағзаны сақтап қалуға және стома қоймай ота жасауға бағытталған шешімдер қабылданады. 

Ғылыми қызметі

Сектор онкоурология саласында диагностика мен емдеуді жетілдіруге бағытталған зерттеулерге белсенді қатысады:

  • «Қуық рагында ТАМ-рецепторлары» зерттеуі.
Бөлімше дәрігерлері
Касимов Руслан Сабержанович
Уролог-дәрігер, онкоуролог, бірінші біліктілік санатты.
Кубеев Жанкуат Турсынович
Уролог-дәрігер, онкоуролог.
Юсупов Дамир Усманович
Уролог-дәрігер, андролог.