Күндізгі стационары бар арнайы дәрілік терапия бөлімшесі

Бөлімше қатерлі ісіктің қатты түрлеріне шалдыққан науқастарғае стандартты және жоғары технологиялы жүйелік дәрілік ісікке қарсы емдеуді жүргізуге маманданған. Біз халықаралық ұсынымдарға сәйкес заманауи терапия сызбаларын қолданып, амбулаторлық және стационарлық ем көрсетеміз.

Науқастардың бейіні:
  • Тері меланомасы
  • Герминогенді ісіктер (семинома, несеминома, герминома, дисгерминома)
  • Сүйек пен жұмсақ тін саркомалары (остеосаркома, Юинг саркомасы, липосаркома және т.б.)
  • Асқазан-ішек жолының қатерлі ісігі (асқазан, тоқ және тік ішек)
  • Өкпе қатерлі ісігі (ұсақ жасушалы және ұсақ жасушалы емес)
  • Нейроэндокриндік ісіктер
  • Сүт безі қатерлі ісігі
  • Гинекологиялық ісіктер (жұмыртқалықтар, жатыр денесі)
  • Урологиялық ісіктер (бүйрек, қуықасты безі, қуық)
  • Басқа қатты ісіктер

Бөлімшеде емдеудің барлық заманауи тәсілдері қолданылады — химиотерапия (полихимиотерапия мен ұзақ инфузияларды қоса алғанда), иммунотерапия (соның ішінде checkpoint-ингибиторларымен емдеу), халықаралық клиникалық хаттамаларға сәйкес нысаналы (таргеттік) терапия. Дәрігерлер халықаралық клиникалық зерттеулерге белсенді қатысып, жаңа ісікке қарсы препараттарды тәжірибеге енгізеді, шетелдік конгресстерде (ESMO, ASCO, RUSSCO) біліктілігін арттырады, ұлттық ұсынымдар әзірлеуге, телеконсультациялар мен вебинарларға қатысады және күрделі жағдайлар бойынша мультидисциплинарлық консилиумдар өткізеді.

Елемесов Нұрбол Нұрбекұлы

Бөлімше меңгерушісі

I санатты онколог-химиотерапевт дәрігер. Семей медицина академиясын, анестезиология және реаниматология бойынша интернатураны тәмамдаған. Семей қаласының Өңірлік онкодиспансерінде және Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығында жұмыс істеген, онда шамамен 7 жыл бойы химиотерапия бөлімшесін басқарған.

Халықаралық конференциялардың (ESMO, ASCO, RUSSCO) белсенді қатысушысы, заманауи ісікке қарсы терапия хаттамаларын енгізеді және клиникалық зерттеулерге қатысады. 2021 жылы «Семей өңірінің үздік онкологы» атағымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің дамуына қосқан үлесі үшін» және «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

Бөлімше дәрігерлері
Шайжанова Алмагуль Слямбековна
Екінші санатты дәрігер-онколог, химиотерапевт. 2018 жылы Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетін бітірген. 2018 жылдан бастап Семей қаласындағы ЦЯМиО-да химиотерапевт дәрігері болып жұмыс істеді, 2021 жылдан бастап Ұлттық ғылыми онкология орт
Хасанова Галия Умитовна
Дәрігер-химиотерапевт 2008 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін үздік аттестатымен бітірген. 2008–2009 жж. СГМУ базасында «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурадан өткен. Жалпы жұмыс тәжірибесі – 16 жыл.
Малышева Анна Дмитриевна
Дәрігер-химиотерапевт
Ковальчук Дина Анатольевна
Жоғары біліктілік санатындағы дәрігер-онколог, химиотерапевт, медицина магистрі. Жұмыс тәжірибесі – 15 жыл. Біліктілігін Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Испания, Германия клиникаларында арттырған.
Бейсеуова Жанар Ашимхановна
Жоғары санатты дәрігер-онколог, химиотерапевт. Жұмыс тәжірибесі – 15 жыл. Астана қаласындағы Медицина университетін «Емдеу ісі» факультеті бойынша бітірген. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған. Халықаралық конференциялард
Ахбетова Аружан Ғабиденқызы
Дәрігер-химиотерапевт.
Самигатова Айнур Оразовна
Дәрігер-онколог (химиотерапевт)
Мукажанов Нурлан Адильбекович
Врач- химиотерапевт. Стаж: 2 года
Каимбекова Раушан Тогировна
Врач химиотерапевт. Стаж: 11 лет