Мейіргерлік істі басқару және дамыту бөлімі

Мейіргерлік істі басқару және дамыту бөлімі

Мейіргерлік істі басқару және дамыту бөлімі – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның қызметі ҰҒОО-ның мейіргерлік қызметті жетілдіру мен дамытуға бағытталған. 

Мақсат

ҰҒОО-да онкологиялық көмекті дамыту жағдайында сапалы медициналық көмек көрсету үшін мейіргерлік іс мамандарының кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау.

Мейіргерлік іс мамандары мектебі

Мейіргерлік іс мамандары мектебі (бұдан әрі – МІММ) құрылымдық бөлімше болып табылмайды, ол – мейіргерлік іс мамандары мен орта медицина қызметкерлерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамытуға, оқу модульдерінің базасын құруға, оның ішінде жұмыс орнындағы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіне арналған электрондық оқу ресурстарын қалыптастыруға бағытталған білім беру жобасы. 

МІММ-нің негізгі бағыттары:

  • Мейіргерлік іс мамандары мен орта медицина қызметкерлерінің білімдері мен дағдыларын жетілдіру;
  • Мейіргерлік іс мамандары мен орта медицина қызметкерлерінің құзыреттерін кеңейту;
  • Мейіргерлік іс мамандарының біліктілігін арттыру. 
Журнал клубы

ҰҒОО мейіргерлік іс мамандарының Журнал клубы бірнеше жыл бойы зерттеулерді бағалауға жәрдемдесу тетігі ретінде қолданылып келеді. Оның мақсаты – мейіргерлік іс мамандарының зерттеу процесі туралы білімін арттыру, ғылыми зерттеулерді бағалау және оларды жинақтау қабілеттерін дамыту. 

Журнал клубы отырыстарында клиникалық практикаға қатысты ғылыми және ғылыми емес дәлелдер, зерттеу нәтижелерін практикада қолдану, тәжірибені дәлелді деректерге негіздеудің қажеттілігін күшейту, сондай-ақ стандарттар мен саясатты нақты ұсыныстарға сәйкес өзектендіру мәселелері талқыланады. 

Жарнал клубына қатысу мейіргерлік іс мамандарына дәлелді тәжірибеге негізделген қызметпен айналысуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Журнал клубына қатысу нәтижесінде алынған жаңа білім науқастар мен олардың отбасыларына көрсетілетін күтім сапасын жақсартуға ықпал етеді. 

Зерттелген мақалалар тізімі
  • Мейіргерлік іс басшыларының көшбасшылық тәжірибесі: Сындарлы жағдайлар әдістемесі 
  • Пациенттердің медициналық сауаттылығын арттыру: кардиология бөлімшесінде оқыту тәжірибесі
  • Тегеран медицина университетінің оқу ауруханаларында науқастарды оқыту үдерісі 
  • Мейіргерлерді оқыту арқылы химиопрепараттармен қауіпсіз жұмыс істеу: алдын ала тәжірибелік зерттеу
  • Медициналық мейіргерлерді эиоционалды қажу синдромының алдын алу шаралары: әдебиеттерді шолу 
  • Онкологиялық науқастарға күтім көрсету кезінде мейіргерлердің қолдаушы рөлін қабылдауы: сапалық зерттеу
  • Ересек пациенттерде назогастралды зондты дұрыс орнатуды растауға арналған жаңа платформаны бағалау 
  • WHS ұсыныстары: ойылуларды емдеу – 2023 жылғы жаңартылған нұсқаулық
  • Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия кезінде еңбек қауіпсіздігі шаралары: шолу
  • Үндістанның үшінші деңгейлі медициналық орталығында HIPEC және циторедуктивті хирургияға дайындықтағы операциялық мейіргердің рөлі мен міндеттері 
  • Жасанды интелект онкологияда: енгізу жолдары 

Журнал клубының отырысы тоқсан сайын өткізіледі. Онда әртүрлі форматтар қолданылады 

  • Дәстүрлі формат. Мейіргер белгілі бір ғылыми мақала немесе нұсқаулық бойынша презентация дайындайды. Әдетте қатысушылар мақаланы алдын ала оқымайды. Презентация модератордың пікірлерімен толықтырылады.
  • EBN (дәлелді мейіргерлік іс). Мақалаларды сыни тұрғыда талдау арқылы клиникалық сұрақтарға жауап ізделді. Алынған нәтижелерді практикаға енгізу мүмкіндігі талқыланады. Отырыс модератор тарапынан жүргізіледі.
  • Flipped journal clup («аударылған журнал клубы»). Барлық қатысушылардың алдын ала дайындалуын талап етеді. Таңдалған мақала бойынша жалпы талқылау жүргізіледі. Отырыс модератордың үйлестіруімен өтеді. 
  • Онлайн журнал клубы. Қатысушылар офлайн отырысқа қашықтан қослады. Отырыс модератор тарапынан үйлестіріледі. 

Егер Журнал клубының тұжырымдамасы Сізді қызықтырса және мақалаларды талқылауға қатысқыңыз келсе, модераторға мына электронды пошта арқылы хабарласа аласыз: djamila_89@bk.ru 

Ғылыми-зерттеу жобалары

ҰҒОО мейіргерлік іс мамандары ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысып келеді. Оған ғылыми мақалаларды іздеу мен жазу, зерттеулер жүргізу, бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, сондай-ақ дәледі мейіргерлік практиканы енгізу кіреді. 

2023 жылдан бастап ҰҒОО мейіргерлік іс мамандары JBI (Joanna Briqqs Institute) халықаралық зерттеу ұйымы аясында жүргізілетін ғылыми жобаларға қатысып келеді. Бұл ұйым денсаулық сақтау тәжірибесін жетілдіруге арналған дәледі деректерді, бағдарламалық қамсыздандыруды, білім беру және оқыту құралдарын әзірлеп, ұсынады (толығырақ: jbi.qlobal)

Мақалалар мен ғылыми жобалар тізімі
№

Жарияланым, жыл, нөмір


     Мақала атауы  


Авторы


1

2021. «Oncology.kz» халықаралық рецензияланатын ғылыми-тәжірибелік журнал, том №1  [Сілтеме](https://www.oncologykz.org/index.php/1/article/view/11/62) 


Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың мейіргерлік істі басқару және дамыту бөлімі қызметі туралы 


Мұхамедғалиева А.А., Салкимбаева С.А., Зайнулина Д.А. 


2

2021. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №9  [Сілтеме](https://e.medsestra.mcfr.kz/916861)       

Тәжірибелік жұмыс. Сүйек кемігін трансплантациялау: пациенттерге мейіргерлік күтімді қалай ұйымдастыру керек                 

Тюлебаева А.Д., Шамшиденова А.Т.                                                       

3

2021. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №5                    

Мейіргерлік білім. Орган трансплантациясынан кейінгі пациентке күтім: асқынудың алдын алу жолдары 


Канкенова З.Н.             

4

2021. Еуразиялық ғылыми бірлестік, 76-ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Ресей, Мәскеу              


Ересектерге арналған кардиология стационарында оқыту арқылы пациенттердің медициналық сауаттылығын арттыру 


Мұхамедғалиева А.А. (Садвокасова)         


5

2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №5   



Стомасы бар пациенттер: мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері         

Смағұлова Г.С.    


6

2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №6   

 Мейіргерлердің білімі деңгейі жұмыстың сапасына қалай әсер етеді. Зерттеу нәтижелері


Махамбетова А.С.      

7

2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №10

Интервенциялық хирургиядағы мейірбике, рентген-лаборант және кіші медперсоналдың жұмысы: ұйымдастыру және бақылау


Каирова Э.М., Қалиақпарова А.К.   


8

2022. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №12  

Клиникалық практикадағы ЭКГ: мейірбикеге арналған нұсқаулық                                                                   


Сүлейменова М.С., Булаева Г.С.                                                                  


9

2022. «Oncology.kz» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журнал, том №2 [Сілтеме](https://www.oncologykz.org/index.php/1/article/view/25/76)     


ҰҒОО-дағы мейіргер мамандарының функционалды міндеттерді бөлісу әлеуетін жетілдіру тәжірибесі                   


Құлқаева Г.У., Зайнулина Д.А., Мұхамедғалиева А.А., Салкимбаева С.А.   


10

2022. «Oncology.kz», том №2 [PDF](https://oncologykz.org/downloads/Volume%202%202022.pdf) 


Денсаулық сақтауда Lean өндірісін тиімді енгізу: ҰҒОО тәжірибесі  


Құлымбетова К.И.  


11

2023. Қазақстан, «Медицина және экология» журналы, №4 [DOI](https://doi.org/10.59598/ME-2305-6045-2023-109-4-59-64)   


Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерге күтім жасаудағы мейірбикенің рөлі    


Сүлейменова Б.Е. және т.б.                                                                            


12

2023. «Oncology.kz» журналы, том №3  


Балалар онкологиясында цитостатиктерді көктамырға енгізуге оқытылған орта медициналық қызметкерлердің құзыреттілігі мен сенімділігін бағалау


Динасилова Г.К. және т.б.  


13

2024. Journal of Health Development, 1 (55), 29-39 [DOI](https://doi.org/10.32921/2225-9929-2024-1-55-29-39)             


Қазақстан онкологиялық клиникаларындағы мейіргерлердің химиопрепараттармен жұмыс тәжірибесін зерттеу


Зайнулина, А. Сипенова                      


14

2024. МЦФЭР – Қазақстан «Аға мейірбике», №3 [Сілтеме](https://e.medsestra.mcfr.kz/1074299)                            


Инфузияның вена сыртына кетуі: дәрілік заттардың экстравазациясын қалай болдырмауға болады. Себептері, алғашқы көмек және емдеу    


Д. Зайнулина, Г. Калмурзаева, Г. Айтенова                                       


15

2025. *JBI Evidence Implementation* – жарияланымға дайындық сатысында                                                   


Көпбейінді хирургиялық бөлімшедегі онкологиялық пациенттердің операциядан кейінгі ауырсынуын басқару: үздік тәжірибені енгізу жобасы      


Feruza Saduyeva, Zhuldyz Kuanysh, Jamilya Zainulina, Ainash Sadvokassova, Alma Syzdykova, Anargul Kuntuganova, Dmitriy Viderman, Paolo Colet           


16

*Journal of Clinical Epidemiology* – қарастыруда                                                                                                    


Химиотерапиядан туындайтын жүрек айну мен құсуды стандартталған басқару: Азия аймағындағы алты елде жүргізілген дәлелді зерттеу     


Yujie Zhang, Qi Zhang, Jie Lai, Adchara Khammathit, Hua Lin, Kavita Kachroo, Khin Sanda Tun, Mona Choi, Weihua Liu, Weixiang Luo, Zhuldyz Kuanysh, Jamilya Zainulina, Feruza Saduyeva, және т.б.


17

Жарияланымға дайындық


Химиотерапия бөлімінде мейіргерлердің рөлі мен міндеттері: үздік тәжірибені енгізу жобасы     


Lazzat Urazbayeva, Gulkhan Turdikulova, Bibizhamal Zhanat, Yerkezhan Mustafinova, Fariza Malikova, Jamilya Zainulina, Anargul Kuntuganova, Akerke Mussayeva, Paolo Colet         


18

«Медицина және экология» журналы – қарастыруда                       


Әдеби шолу: Онкологиядағы мейіргерлік іс мамандарының қателіктері    


Зайнулина Д.А., Галимова Г., Садвокасова А., Салкимбаева С.   


Академиялық және іскерлік іс-шаралар

Академиялық және іскерлік іс-шаралар – ҰҒОО-тың мейіргер ісі мамандарының командасы кәсіби ынтамен және жауапкершілікпен түрлі кәсіби іс-шараларды – конференциялар, семинарлар, мастер-класстар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып, өткізеді. 

Іс-шаралар ашық форматта (мүдделі тараптар мен барлық қатысуға ниеттілер үшін) және жабық форматта – корпоративтік (тек қызметкерлерге арналған) өткізіледі. 

Корпоративтік іс-шаралар
  • Конференция «Онкогематология орталығындағы мейіргер ісі мамандарының жұмысының ерекшеліктері. Арнайы білімдер мен тәжірибелік дағдылар. Қазіргі заманғы ұйымдастыру» - 2022 жыл 
  • Конференция «Қауіпсіз хирургия – өмірді сақтайды» - 2022 жыл
  • Конференция «Хирургиядағы онкологиялық мейіргерлердің тәжірибесі» - 2022 жыл 
  • Конференция «Қан тамырлары және рентгенэндоваскулярлық хирургиядағы қазіргі мейіргер ісінің көкжиектері» - 2023 жыл
  • Конференция «Медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктер: мейіргерлік қатерлер тұрғысынан» - 2024 жыл
  • Мастер-класс «Дренаждармен жұмыс. Мейіргерлік күтім» - 2024 жыл 
  • Мастер-класс «Онкологиядағы интенсивті терапия: мейіргерлік араласулар» - 2025 жыл 
Ашық іс-шаралар
  • Халықаралық қатысумен өткен конференция «Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің ғылыми-тәжірибелік аспектілері», мейіргер ісі мамандары секциясы «Онкология қызметіндегі мейіргер мамандарының тәжірибесі» – 2022 жыл
  • Конференция «Клиникалық трансфузиология» – 2023 жыл
  • Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Орталық Азия онкология апталығы», мейіргер ісі мамандары секциясы «Онкологиядағы мейіргер ісінің үштағдығы: тәжірибе, білім және ғылым» – 2023 жыл
  • Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасында онкологиялық мейіргерлік практиканы дамыту тұжырымдамасы» – 2023 жыл
  • Мастер-класс B.Braun компаниясымен бірлесіп: «Химиотерапия жүргізу кезіндегі қауіпсіз практика және мейіргерлік араласулар» – 2023 жыл
  • Мастер-класс B.Braun компаниясымен бірлесіп: «Жасанды тамақтандыру тұжырымдамасы: әдістері, мейіргерлік күтім, қауіптер» – 2024 жыл
  • Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің жаңа көкжиектері. ННОЦ – болашақтың озық технологиялары», мейіргер ісі мамандары секциясы «Онкологиядағы мейіргерлік практика – жаңа мүмкіндіктер уақыты» – 2025 жыл
  • Тренинг «Пациентті оңай репозициялау тұжырымдамасын енгізу. Moving and handling» – 2025 жыл