ҰҒОО-ның жаңа ғимараты – бірыңғай кешенді мультидисциплинарлық жүйе қағидаты бойынша құрылған бірегей медициналық кластер. Мұндай тәсіл пациенттерімізге денсаулыққа қатысты барлық мәселені бір медициналық мекеме аясында кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.
Орталықта онкологиялық аурулардың барлық орналасу түрлерін емдеуге арналған протондық және фотондық сәулелік терапия, брахитерапия, радионуклидтік терапия жүргізіледі. Сонымен қатар дәрілік емдеудің барлық түрі қолданылып, жоғары технологиялық хирургиялық көмек көрсетіледі.
ҰҒОО – Қазақстанда және жақын шетел мемлекеттерінде баламасы жоқ, толық цикл қағидатымен жұмыс істейтін ең ірі медициналық кешендердің бірі. Мұнда ядролық медицина мен радиациялық онкология саласында қолданылатын онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің қолданыстағы әдістерінің басым бөлігі ұсынылған.

Индира Қайратқызы Тлеулесова. «Ядролық физика» мамандығы бойынша магистр, еңбек өтілі – 15 жыл. Ядролық медицина саласындағы ғылыми жарияланымдардың авторы және тең авторы. Сондай-ақ жоғары технологиялық диагностика және емдеу әдістерін енгізуге арналған халықаралық конференциялар мен жобалардың белсенді қатысушысы.

Радиациялық технологиялар орталығы радиациялық онкология және ядролық медицина бағыттары бойынша мамандандырылған медициналық қызметтер көрсетеді.
Сонымен қатар жоғары технологиялық диагностикалық жабдықтардың көмегімен келесі зерттеулер орындалады:
Диагностика мен емдеудің заманауи әдістері, жоғары дәлдіктегі медициналық жабдықтар және білікті мамандар командасы Орталыққа медициналық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ онкология мен ядролық медицина саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді клиникалық тәжірибеге тиімді енгізуге мүмкіндік береді.
Радиациялық технологиялар орталығының үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін медициналық және медициналық емес бейіндегі жоғары білікті мамандар қызмет атқарады. Олардың қатарында радиоизотоптық диагностика дәрігерлері, медициналық физиктер, радиохимик-технологтар, химик-аналитиктер, радиофармацевтер, радиациялық онкологтар, радиациялық қауіпсіздік инженерлері, медициналық үдеткіштер инженерлері, арнайы жүйелер инженерлері және басқа да мамандар бар.
Орталық мамандары АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Израиль, Дания және басқа да елдердің жетекші медициналық және ғылыми орталықтарында кәсіби даярлықтан өтіп, біліктіліктерін арттырған.