Иманберді Дәурен Қуандықұлы
Иманберді Дәурен Қуандықұлы
Анестезиолог-реаниматолог, ЦАРИТ дәрігер-резиденті

Лауазымы: анестезиолог-реаниматолог, ЦАРИТ дәрігер-резиденті
Біліктілік санаты: жоғары
Жұмыс өтілі: 2023–2026 жж., 4 жыл
Бөлімше / Орталық: ЦАРИТ – Анестезиология секторы

 

Білімі

01.09.2016–16.06.2021 жж. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Жалпы медицина» факультеті, Түркістан қ., бакалавриат.

01.09.2021–22.06.2023 жж. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатура, Шымкент қ.

2023–2026 жж. – «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС, «Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы» мамандығы бойынша резидентура, Астана қ.

2026 ж. – «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» базасында кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы бойынша даярлық.

 

Жұмыс тәжірибесі

2026 ж. – «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» базасында «Базалық жүрек-өкпе реанимациясы» бойынша оқытушы-провайдер.

«Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК – 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін, ОАРИТ және ГБО бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері.

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС – 2026 жылғы тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін, ЦАРИТ анестезиология секторының анестезиолог дәрігері.

 

Ғылыми және оқытушылық қызметі

2024 жылы «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС базасында «Қиын тыныс жолдары: заманауи зерттеулерді талдау» тақырыбында баяндама жасады.

2025 жылы Астана қаласындағы УДП базасында «Қиын тыныс жолдары: қазіргі жағдайы, іс-әрекет тактикасы және шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конгресс – 20 сағат, УДП, Астана қ., 20.09.2024–21.09.2024 ж.

 

Кәсіби қызығушылықтары

Мультимодальды анальгезия

Амбулаториялық хирургиядағы анестезия

Аймақтық анестезия (спиналдық, эпидуралдық, өткізгіштік)

Ағзаларды трансплантациялау кезіндегі анестезиологиялық қамтамасыз ету

Семіздікке шалдыққан пациенттердегі анестезия

Перинаталдық анестезия және акушерлік анестезиология

Онкологиядағы анестезия

Паллиативтік медицина және ауырсынуды басу

Қарқынды терапия және критикалық жағдайларды жүргізу

Көктамырішілік анестетиктер және тотальді көктамырішілік анестезия (TIVA)

Периоперациялық ауырсыну синдромын басқару

Балалар мен жаңа туған нәрестелердегі анестезия

Диагностикалық және шағын араласулар кезіндегі седация

Қиын тыныс жолдарын басқару

Анестезиолог тәжірибесінде ультрадыбыстық аппаратты қолдану (блокадаларды УДЗ-навигациямен орындау, FAST, өкпенің ультрадыбыстық зерттеуі)

Пациент қауіпсіздігі және анестезиологиялық асқынулардың алдын алу

Анестетиктердің фармакокинетикасы және фармакодинамикасы