Лауазымы: Онкоторакалдық хирург дәрігер
Біліктілік санаты: Біліктілік санаты жоқ
Еңбек өтілі: 6 жыл
Бөлімше / орталық: Көпсалалы хирургия орталығы
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
Білімі
Негізгі білім:
2013–2017 жж. – «Астана медицина университеті» АҚ, Астана қаласы.
Мамандығы – «Жалпы медицина».
Интернатура:
2017–2019 жж. – «Астана медицина университеті» АҚ, Астана қаласы.
Мамандығы – «Хирургия».
Резидентура:
2019–2022 жж. – «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, Астана қаласы.
Мамандығы – «Жалпы хирургия».
Біліктілікті арттыру:
2022 ж. – Hadassah Medical Organization (Иерусалим, Израиль) базасында «Торакалдық хирургия» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Еңбек жолы
2019–2022 жж. – «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, Астана қаласы. Жалпы хирургия мамандығы бойынша дәрігер-резидент.
2022 жылғы тамыздан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Астана қаласы. Көпсалалы хирургия орталығының торакалдық хирург дәрігері.
Ғылыми және педагогикалық қызметі
Онкохирургия саласы бойынша ғылыми жарияланымдардың авторы.
Онкология және онкохирургия мәселелеріне арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың қатысушысы.
«Плевраның біріншілік және метастаздық зақымдануы бар науқастарды кешенді емдеуде инновациялық интраплевралдық гипертермиялық химиотерапия әдісін әзірлеу және клиникалық тәжірибеге енгізу» атты ғылыми-техникалық жобаның зерттеушісі.
Кәсіби қызығушылықтары
Кеуде қуысының хирургиялық және онкологиялық ауруларын диагностикалау және хирургиялық емдеу.
Аз инвазивті хирургия (лапароскопиялық, торакоскопиялық және роботтандырылған хирургия).
Кеуде қуысы ағзалары ісіктерін хирургиялық емдеу.
Плевра қуысының қатерлі ісік үдерістерінде жергілікті (бір жақты) таралған зақымдануларға өңірлік перфузиялық терапия жүргізу.